Сенбі, 23 Қараша 2024
1019 1 пікір 8 Қаңтар, 2024 сағат 13:15

Жамбылдық шенеуніктер мемлекеттік көліктерді меншіктеп алған

Жамбыл облысындағы “Таза-Талас” мекемесіне жүргізілген тексеріс барысында төрт мемлекеттік көліктің жымқырылып, меншікке өтіп кеткені анықталды. Қолдан-қолға өткен көліктер 22 млн теңгеге бағаланып, сатылып кеткен. Пайдасын кәсіпорын басшылары көрген.

Қызметтік көлікті жекеге аударып алғандарды прокурорлар анықтаған.

Төрт бірдей құжат арқылы жарамсыз деп танылған көліктердің үшеуі мемлекетке қайтарылды. Қазіргі таңда төртінші көлік іздестірілуде.

Екі жыл бойы қызметтік көліктің қызығын жеке адамдар көрген. Қаржысын кәсіпорын басшылары бөліп алған. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Жалпы айтатын болсақ, кәсіпорынның директоры мен орынбасары жалған құжаттардың негізінде автокөліктердің техникалық жағдайы жарамсыз, қолдануға жатпайды деген негіздермен жалған құжаттар әзірлеп, іс жүзінде жарамды пайдалануға болатын автокөліктерді кәсіпорынның теңгерімінен шығарып, оларды аукционға сатудың орнына тікелей өздері жеке тұлғаларға сатып пайда тапқан", – деді Жамбыл облысы прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тергеу басқармасының бастығы Ақберен Мүлкеманов.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379