Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3472 0 пікір 4 Қазан, 2013 сағат 05:05

Маңғыстау мақамдары

 Маңғыс¬тауда  кеш өтті. Күй кеші. Өзіндік жыр мектебі бар өңір¬дің күй мектебі де бар. Бұл өлке батысқа тән түйдектете, төк¬пектете ойнап, екпіндете тоқ¬тайтын адуынды күйлерімен ерекшеленеді.Құлшар, Есір, Шамғұл, Өскін¬бай, Мұрат сынды дүлей күйші¬лердің мекенінде күй өнері сапа мен мағына жағынан бай бо¬лып келеді. Күйді шығару мен оны орындаушылардың осалсыған жері болған жоқ.Өт¬кен кезеңдердегі дәулескер күйші¬лердің дәстүрін бүгінде С.Шә¬кірат, Р.Айдарбаева, Ж.Қа¬дір¬құлов, бірнеше күй бай¬қау¬ларының жүлдегері А.Тілеп¬бергенов бастаған өскелең жастар легі жалғастырып келеді. Сер¬жан күйші мен жас Абылайдың талай рет шетелдерге шығып, өз көрермендерін қазақтың күйіне тік тұрғызып қошемет еткізген сәттері аз емес.

Күйді бабадан қалған асыл мұра, рухани құндылық деп танитын азаматтардың жинақтауымен жуырда «Мақа¬мы мәшһүр Маңғыстау» тақы¬рыбында Маңғыстау күйлері антологиясы жарық көрді. 45 күй топтастырылған 3 табақтың облыс пен қала мерейтойлары қарсаңында тұсауы кесіліп, жұртшылыққа ұсынылды. Рухани шара мазмұнды кешке ұласып, белгілі күйшілер бұ¬ған дейін белгісіз боп келген күйлерді және Төремұрат, Құр¬манғазы, Абыл, Есір, Құл¬шар, Жолды күйлерін орындады. Өзге де өз алдына мектеп бо¬лар¬лық айтулы күйлер орында¬лып, күй шығарушылардың өзіндік ерекшелігі мен орындау¬шы¬лар¬дың шеберлігі ортаға салынды.
 Біз білетін əрі білмейтін тылсым дүние күй дегеніңіз Маңғыстау топырағына соқпай өтпеген. Бұл өнер түркі-моң¬ғол, парсы мəдениетімен жалға¬сып, Кавказ мəдениетіне ұла¬сып, түрленіп, құлпырып, өсіп-өркендеді. Оның көрінісін Маң¬ғыстаудан да көруге болады,  деген кеш қонағы, халық жазушысы Әбіш Кекілбай өзі жүздесіп, күйлерін тыңдаған Шамғұл күйші репертуарындағы 18 күйдің табылып, жазып алынуын айрықша оқиға деп бағалады.
 Бұдан 20 жыл бұрын Елдос Еміл екеуміз аяқ жетер жерлердегі мұрағаттарды ақтардық, атжетер жердегі көне көкіректерді іздеп таптық. Орталық Азия елдеріндегі Түркіменстан, Қарақалпақстан, Өзбекстан, Тəжікстанға дейін араладық. Қазақстанның оңтүс¬тігіне көшіп кеткен ағайын  кешегі жыр жампоздары мен күйпаздардың артында қалған ұрпақтарымен жүздестік. Міне, сол еңбектің алғашқы нəтижесі  «Мақамы мəшһүр Маңғыстау» деген 45 күйден тұратын алғашқы альбом,  деп таныстырды арқалы ақын Светқали Нұржан.
Кеш аясында саз аспаптарын жасаушы шебер Жолаушы Тұр¬дығұловтың жеке көрмесінің жа¬сақталуы да жарасымды болды.
Халқымыздың тарихы  рух болса, күйі мен жыры  нәр. Осы құндылықтардан қол үзбесек адас¬пасымыз анық.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320