Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2696 0 пікір 9 Қазан, 2013 сағат 05:05

Ақтау: ТМД аумағындағы кедендік қызмет басшылары кеңес құрды

Ақтау қаласында Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы елдердің кедендік қызмет басшылары Кеңесінің 58-ші отырысы болып өтті.

Ақтау қаласында Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы елдердің кедендік қызмет басшылары Кеңесінің 58-ші отырысы болып өтті.

Бұл отырыстың ерекше себебі, бұл Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы елдердің кедендік қызмет Кеңесі үшін атаулы  жиырмасыншы басқосу болып отыр.
Басқосуда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Г.Амрин құттықтау сөз сөйлеп, осы отырыста ортаға салынған ұсыныстар мен жетекші идеялар жалпыэкономикалық диалогқа, кеден мен бизнестің ықпалдастығын кеңейтуге оң әсерін тигізіп, елдердің арасындағы түсіністік пен сенімнің артуына ықпал ететін айтып өтті. Отырыста бірінші рет қаралған тың мәселелер (мысалы, 4-қараша 1998 жылы Кеңес мәжілісінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы теміржол көлігі бойынша теміржол арқылы тасылатын жүктерді кедендік рәсімдеу және тауарларды бақылау), сондай-ақ алдыңғы отырыстардың қорытындысы бойынша толықтырылған мәселелер де (мысалы, тауар құнын кедендік бақылау және анықтауға қажетті ақпараттар алмасу Хаттамасының жобасы туралы) бол-
ды.
58-ші отырыста кедендік істің әртүрлі салалары бойынша мәселелер қаралды: атап айтқанда кедендік бақылау және кедендік рәсімдеу, жабық реэкспортты (бекітілмеген) реттеу проблемалары. Бірқатар мәселелер кедендік органдардың құқыққорғау бөлімдерінің құ- зыретіне қатысты.
Сондай-ақ отырыста Кеңес хатшысының алдыңғы 57-ші отрыстағы қабылданған шешімдерінің орындалу барысы туралы, кедендік бақылау постындағы ТМД-ға қатысушы елдер кедендік ор-
гандарының өзара әрекет ету Хаттамасын қолдану тәжірибесі туралы хабарламасы тыңдалды.
Соңында мемлекеттер арасындағы кедендік қызметтің дамуына үлес қосқан бірқатар кеденшілер марапатталды.
Бельянинов Андрей Юрьевич  Ресей федеральдық кеден қызметінің басшысы:
 Бүгін біз мұнда екі форматта бірлескен коллегияның мәжілісін өткіздік. Ресей, Беларусь, Қазақстан кедендік одақ елдерінің және бақылаушы ретінде Қырғызстан, Тәжікстан, Украина және бірінші рет Арменияның делегациясы да қатысып отыр. Шындығына келгенде  біздер бір-бірімізді көптен бері танимыз, яғни бірлесіп жұмыс жасай аламыз. Бұл мәжілісте бізге ешқандай қиындық болған жоқ. Негізгі салмақ консультациялық сараптамашыларға, яғни жұмысшы тобына түседі. Бүгінгі біздің қарайтын мәселелеріміздің барлығы солардың кез-
десуінде әбден талданып, талқыланып, иі қанып келеді. Сондықтан бізге онша қиындық түспейді, келіспеушілік, дау болмайды десе де болады.
Бүгін біз Қазақстан мен Қырғызстанның жаңадан қызметке кіріскен кедендік комитеттерінің басшыларын құттықтап, олардың еңбектерінің жемісті болуына тілектестік білдірдік.
Бүгінгі кеңейтілген мәжілісте алдыңғы отырыста қабылданған шешімнің орындалысына көңіл аудардық, сондай-ақ кедендік қызметті барынша оңтайландыруға, тиімді ете түсуге мән бердік. Кейбіреулер кеден қызметін оңтайландыру оны жою, алып тастау деп ойлайды. Ол дұрыс емес. Әр елдің шекарасы, тәртібі бар, әр елдің өз мақсаты мен мүддесі бар. Бірақ біз бір-бірімізге түсіністікпен, құрметпен қараймыз.
Біз осы жиын арқылы бала кезден көп естіген Ақтауға тәнті болып отырмыз. Ақтау шынында да тап-тұйнақтай тап-таза, әдемі қала екен. Бұл тек менің емес, 11 елден келген қонақтардың бәрінің ортақ пікірі. Олар әсіресе мұндағы жүргізіліп жатқан жаңарту, жасарту жұмыстарының
ауқымына, тіпті мына жиналыс өткізіп жатырған қонақ үйдің сән-салтанатына таң қалысты.
Бұл осы өлкенің өз ісіне шебер, еңбеккер халқының, барша қазақстандықтардың жеңісі екенін жақсы түсінеміз және табыс тілейміз.
Ғұсман Кәрімұлы Әмірин  ҚР Кедендік бақылау комитетінің төрағасы:
Кеңейтілген бұл мәжілістің негізгі мақсаты - кеден саясатын одан әрі дамыту. Ол үшін біздер бірлесе отырып біраз жұмыстар атқаруымыз керек. Бізде әлі де болса шешілмеген бірқатар мәселелер бар. Атап айтар болсақ, ең бірінші біз бір-бірімізге керекті ақпарат алмасып отыруымыз керек. Өте маңызды бір мәселе - контрабанда мен оған жол бермеу. Оны тек бірлесе күш жұмсағанда ғана еңсеруге болады. Және бір өте маңызды мәселе кедендік құн мәселесі. Оның мөлшерін әр ел өзінше белгілейді. Мұны да келісе отырып, бір деңгейге келтірсек жұмысымыз өнімді болар еді.
Бүгінгі сияқты біріккен, кеңейтілген мәжілістер өткізу осындай мәселелерді бірлесіп шешу үшін қажет. Жиналыстың Ақтауда өткізілу себебі  бұл қасиетті өлке, оның үстіне бұл аймақ қарышты
қадаммен дамып келе жатқан Қазақстанның экономикалық дамуында өз орны бар қуатты аймақ. Біз осы жетістіктерімізді ТМД-дағы ағайындарымызға көрсеткіміз келді. Олар біздің тәуелсіздік
жылдарындағы қол жеткізген табыстарымызды көрсін. Мұның бәрі біздің еліміздің халықаралық әлеуетін, беделін көтереді.
Кедендік одағымыз әзірге үш мемлекет, алайда ол сол күйінде қалмайды, ол сөз жоқ өседі, оның саны артатын болады. Алайда кедендік одақ әркім үшін ашық жатқан дарбаза емес. Оған кіретін елге қойылатын шарттар бар. Кіруші ел сол шарттарға сай болуы керек. Қазір Қырғызстан мен Армения кедендік одаққа кіруге ниет етіп, дайындық жұмыстарын бастап жатыр.
Әрине бұл саяси-экономикалық үлкен шаруаның басы ғана, ал оның болашағы өте зор деп ойлаймын. Бірқатар мемлекеттер қапелімде бұл одаққа үрке қарағанмен, оған бірте-бірте түсініп келе жатқан сияқты. Қазіргі заманда интеграциясыз жеке - дара өмір сүру мүмкін
емес. Дүниежүзілік даму, мемлекеттердің одақтасуы мен ықпалдасуы сияқты тәжірибелеріне көз жіберсек, бұның дұрыстығын ұға түсеміз. Біздің еліміздің осы үлкен үрдістің басында болғанын мен мақтаныш етемін. Бұл жағдай біздің еліміздің болашақ дамуына даңғыл жол ашатын болады деп есептеймін.
«Елдестірмек елшіден» - демекші, кеденшілердің келелі жиыны ел мен елдің арасын жақындатып, барыс-келіс, алыс-берісті реттеп, мүдделі елдердің ортақ ісінің тамырына қан жүгіртетіні анық.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338