Қайрат Сатыбалды тағы бір іске байланысты тергелуде
Қайрат Сатыбалдының үстінен салық төлеуден жалтару фактісімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов хабарлады.
«Агенттік қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-тармағының 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, сотқа жіберді. Қайрат Сатыбалды қылмыстық жолмен алынған және заңсыз ақшадан түскен пайдаға түрлі мүлікті, оның ішінде шетелден де сатып алған. Ақшаны Қазақстан аумағындағы және шетелдегі банк шотына салған», - деді Арман Тілеукенов.
Сонымен қатар оның айтуынша, мұнан бөлек Қайрат Сатыбалдының үстінен салық төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
фото: ашық дереккөзден
Abai.kz