Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
3107 0 пікір 11 Қаңтар, 2024 сағат 13:00

Шығармашылықты таңдаған жас түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады?

Шығармашылық салаға түсетін талапкерлер үшін ҰБТ-2024 форматы өзгеріссіз қалады. Яғни, бұрынғыша тестілеу кезінде екі пәнді ғана тапсыратынын хабарлады Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

"ҰБТ-2024 сіздер үшін өзгеріссіз қалғанын хабарлауға қуаныштымын. Сіз тек екі пәннен тест тапсырасыз: «Қазақстан тарихы» (20 тапсырма, шекті балл – 5) және «Оқу сауаттылығы» (10 тапсырма, шекті балл – 3). Тапсырманы орындау уақыты – 70 минут. Ал шығармашылық емтиханның өзі жоғары оқу орындарында өтеді", – деді Саясат Нұрбек.

Министр Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсыру және үздік нәтижемен гранттар байқауына қатысу мүмкіндігін ресми түрде белгілегенін еске салды.

Сонымен қатар, 2024 жылғы талапкерлердің ЖОО-ға ақылы негізде түсу үшін қаңтар, наурыз және тамыз айларында тестілеуден өтуге мүмкіндігі бар екенін  айтты.

фото: Sputnik

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1563
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3178
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1167
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1086