Сенбі, 23 Қараша 2024
1160 1 пікір 11 Қаңтар, 2024 сағат 13:03

Қазақстанда әрбір үшінші азамат несиені несиемен жабады

Банк несие беру кезінде сіздің жалақы көрсеткішіңізді сұрағанымен, оны тексеріп жатпайды. Нәтижесінде қазақстандықтардың 38%-ы банктен несие алу кезінде табыс деңгейін асырып көрсетеді. Сайып келгенде, әрбір үшінші азамат жалақысына жету үшін несие алуға мәжбүр екен. Бұл туралы Abai.kz ақпарат порталы Информбюро жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

Сарапшылар мұны соңғы екі жылда азық-түлік себеті, құрылыс материалдары, киім-кешек, қызмет көрсету бағасы екі есеге қымбаттауымен байланыстырды. Осылайша респонденттердің 36%-ға жуығы жалақыға жету үшін несие алатын болып шықты.

“Қазір орташа жалақы 200-250 мың теңге шамасында. Бұл ештеңеге жетпейтіні түсінікті. Бұл жағдай қашан шешіледі? Менің ойымша, экономиканың тұрақтануына дейін 3-5 жыл бар. Инфляция төмендегенде, бизнеске жұмыс орындарын құру оңайырақ болады. Бұл мемлекеттің теңгерімді бюджет саясатын жүргізуіне де байланысты”, – деп түсіндіреді қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417