Сенбі, 23 Қараша 2024
Асқанға - тосқан 1909 3 пікір 15 Қаңтар, 2024 сағат 14:15

Ағасы түрмеде. Самат Әбішке тықыр таяды ма?

Сурет: Әлеуметтік желіден алынды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталдып, іс сотқа жіберілген.

Бұл туралы:  «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі С.Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын хабарлаймын. ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа жолданды», – делінген аталған қызметтің басшысы Ризабек Ожаровтың ресми жауабында.

Осы қылмыстық іс аясында Самат Әбіш ауыр салдарға әкеп соқтырған билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қабылданған.

Ол қазір Қазақстан аумағынан шықпаған.

2022 жылғы 17 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самат Әбішті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатқан болатын.

Бұған дейін ҰҚК 5-департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов Қаңтар оқиғасы кезінде өзіне Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш бұйрық бергенін мәлімдеген.

«Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды қамтыған мәліметтер бар екенін ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді», – деп аталып өтілген жоғарыдағы хабарламада.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485