Жаңаөзен қаласында мемлекеттік қызметтер енді жаңа ғимаратта көрсетіледі
Жаңаөзен қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Оның ашылуы салтанатына қала әкімі Серікбай Трумов және қалалық мәслихат өкілдері қатысты.
Манғыстау облысы бойынша ХҚКО филиалдарының директоры Б.Әділов өз сөзінде: «ХҚКО жаңа ғимараты 170-ке жуық қызмет түрлері бойынша қызмет көрсететін болады. Жаңаөзен тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтер енді едәуір қолайлы болмақ. Бұрынғы кеңсе біршама тар болды. Осы себептен сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін жағдай болған жоқ», - атап өтті.
Жаңа ғимараттың ашылуы халыққа қызметтерді қолайлы жаңартылған жағдайда көрсетуге мүмкіндік береді. Азаматтардың ыңғайлығы үшін ХҚКО 2 күту залы, кеңесшілер, құжаттандыру мен халықты тіркеу секторлары, сондай-ақ, дайын құжаттарды беру секторы орналасқан. Орталықта «Connection Point» алаңдары да жұмыс істеуде, онда операторды күтпей-ақ, өз беттерімен электрондық қызметтерді пайдалана алуға болады. Қосымша мемлекетті баж төлеу үшін банк қызметтері мен ксерокөшірме қызметтері қарастырылған.
Осыған қоса, ХҚКО-нда мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету үшін тиісті жағдайдар жасалған. Атап айтқанда, арнайы пандустар, жауапты қызметкерді шақыру кнопкасы және мүгедектерге қызмет көрсетудің жеңілдік орындары бар.

Бүгінгі күнге ХҚКО 2,5 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлығы жаңартылған филиалда 170-ке жуық қызмет түрлерін алуға болады.
Анықтамалық:
ХҚКО жаңа ғимаратының ауданы 600 м² құрайды, салыстыру үшін, бұрынғы кеңсенің ауданы – 82 м². Жер учаскесінің жалпы аумағы – 2253 м².
Abai.kz