Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3408 0 пікір 23 Қазан, 2013 сағат 09:43

"Ұлтшылдар" құрылтайына қызу дайындық жүріп жатыр...

Қазақ ұлтшылдарының құрылтайы деп басталып, ұлт-демократтарының құрылтайы немесе ұлт-демократтарының халықтық жиналысы деп жалғасып жатқан шараны ұйымдастырушыларының осымен негізгі үшінші жиыны болып өтті.

Осыған дейін айтқанымыздай аталған жиын осы жылдың 23-қарашасында Алматы қаласында өтеді. Аталған жиынға шамамен 350ден 550ге дейін адам қатысуы мүмкін. Оның ішінде аға буын ұлтшылдар да, орта буын да, жас буын ұлтшылдар да қатысады. Сонымен бірге министрлер, депутаттар, әкімдер, елшілер, жазушылар одағы, суретшілер одағы, компазиторлар одағы, генералдар одағы, кәсіподақ ұйымы өкілдері,  желтоқсаншылар, оралмандар, ауған соғысының ардагерлері, үлескерлер, ғалымдар, студенттермен бірге    барлық облыстан және бірнеше шет елден адамдар қатысады деп жоспарлануда.

Сонымен өткен жиындар туралы бірер сөз. Жиынды ұйымдастыру туралы бірінші бас қосуға Мұхтар Шаханов, Марат Тоқашбаев, Мереке Құлкенов, Рысбек Сәрсенбаев, Дос Көшім, Жарылқап Қалыбай, Қазыбек Иса, Әміржан Қосанов және басқа да 40-тан астам танымал ұлт жанашырлары қатысты.

Олар Ғабиден Жәкей, Мақсат Нұрыпбаев, Болатбек Біләл дайындаған ұлттық-демократиялық  мемлекет құру жөніндегі тұжырымдаманы бірауыздан мақұлдап, құжат құрылтай талқысына салынатын болып келісілді. Сондай-ақ, Құрылтайды ұйымдастырушы комитет құрылды. Оған 18 адам кірді. Ұйымдастыру комитетіне Мұхтар Шаханов пен Ғабиден Жәкеев негізгі басшылық жасайтын болып келісілді.

Жалпы жиын барысында бүгінгі қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелер кеңінен талқыланды.

Ұлтшыл күштердің ақсақалы Мұхтар Шаханов барлық ұлтшылдарды, жалпы жұртшылықты бірлікке шақырды. «Қазіргідей ұлттық мүдде аяқ асты болып отырған кезде біз бәріміз бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығаруымыз керек» деді ол. Жиынның басы қасында жүрген Рысбек Сәрсенбайұлы ең алдымен зиялы қауымның осы істе белсенділік танытып, нақты жұмыс жасау қажеттігіне тоқталды.

Құрылтайдың бастамашылары Ғабиден Жәкей ұйымдастыру жұмыстарының қызу жүріп жатқанын, аймақтардағы белсенді азаматтармен бірге шет елден келетін де азаматтардың бар екенін, қаржы мәселесінің шешіліп жатқанын атап өтті, Мақсат Ілиясұлы ұлттық-демократиялық мемлекет орнату  туралы тұжырымдама туралы әңгімелеп, алдағы 2014-жылы Еуразиялық Одақ құру жөніндегі келісімге қол қойылуы мүмкін екенін, 2014-жылдан бастап Кедендік Одаққа мүше елдердің компаниялары Қазақстанның тендерлеріне еркін қатыса алатынын айтты. «Егер Кедендік Одаққа мүше елдердің компаниялары Қазақстанның тендерлеріне еркін қатыса алатын болса триллиондаған теңге қаржы шет елге кетеді, мыңдаған отандық компаниялар банкрот болып, миилиондаған адам жеп отырған нанынан айырылады. Оған жол беруге болмайды» деді ол.

Жалпы жиналыс қорытындысы бойынша Ұлтшыл-демократтарының халықтық жиынын 23-қарашада өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізіп, бір ауыздан мақұлдады.

Екінші жиын Алматы қаласында 17-қазан күні өтті. Жиынға Мұхтар Шаханов, Рысбек Сәрсенбаев жетекшілік етті. Бұл жолы бас қосуға бұрынғы мүшелерге Болат Шарахымбай, Мақсұт Қалыбаев, Дәурен Бабамұрат, Айтберген Құлментегі, Талғат Жақсыбай тағы басқа 30дан аса жуық адам қосылды.      

Жиын қорытындысы бойынша  ұлттық-демократиялық  мемлекет құру жөніндегі тұжырымдамаға толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі арнайы топ құрылды. Оның құрамына заңгерлер, құқық қорғаушылар және белгілі азаматтар енгізілді.

Күн тәртібі бойынша 14 облысты және Астана мен Алматы қаласынан келетін ұлтшылдарға жауапты 16 адам белгіленетін болды. Олар аймақтан келетін азаматтарды ұйымдастыру, жол қаражатын табу, тағы басқа қажетті шараларды ұйымдастыруды өз мойындарына алады. Олардың аты-жөнін, байланыс телефондарын  алдағы уақытта нақты көрсетіп, жариялайтын боламыз.

Ал бүгінгі 22-қазан күнгі жиынға да Мұхтар Шаханов басшылық жасап, Ғабиден Жәкеев баяндама жасады. Халықтық жиналысты ұйымдастыру мен өткізудің нақты шаралары, атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Бұл жиынға осыған дейін тұрақты қатысып жүрген азаматтармен бірге Серікжан қажы Мамбеталин, Геройхан Қыстаубаев, Мырзан Кенжебай, Серік Бекмурзин, тағы бір топ азамат келіп қосылды.          

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341