15 қаңтарда билікке қарата жариялаған видео үндеуінде талаптарының орындалмай жатқанын жеткізген.
Олар талаптары орындалмайынша бейбіт наразылықты жалғастыра беретінін айтады. Астанаға да баруға ниетті екенін мәлімдеді.
Наразылыққа қатысушылардың бірі Азаттыққа акцияға кемінде 300 адам қатысып жатқанын айтты. Жұмысшылар 11 қаңтарда келіссөз нәтиже бермеген соң, бейбіт наразылыққа шыққанын мәлімдеген. Олар қойып отырған жеті талаптың ішінде жалақыны көтеріп, еңбек жағдайын жақсарту бар.
Өткен аптада олар өздеріне қысым көрсетіліп жатыр деген. Олар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына да үндеу жолдап, мәселеге араласуын сұраған.
Билік және компания өкілдері әзірге жұмысшылар талабына қатысты пікір білдірмеді.
"МұнайСпецСнаб Компани" "Өзенмұнайгаз" және "Өзенмұнайсервис" компанияларына қызмет көрсетеді.
дереккөз: centralasian
Abai.kz