Сенбі, 23 Қараша 2024
1160 0 пікір 17 Қаңтар, 2024 сағат 15:14

Шахтаға түсіп кеткен автобус әлі іздестіріліп жатыр

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Павлодар облысындағы "Майқайыңалтын" АҚ аумағында жер астына түсіп кеткен автобусты іздеу операциясы туралы айтты, деп хабарлайды  Tengrinews.kz.

"Ондағы жағдай өте күрделі, ауыр, мамандар жерді зерттеп, автобустың шамамен қай жерде орналасқанын анықтады. Бұл құрылғы ол жерде шынымен металл бар екенін көрсетеді, бірақ, өкінішке қарай, автобустан кейін де бос орын бар. Онда құтқарушылар өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Біріншіден, бұл, әрине, нөлден төмен температура. Екіншіден, құтқарушылар мен жұмысшылардың өз өмірі мен денсаулығына қауіп бар. Егер, Құдай сақтасын, топырақ жылжыса, адамдарды тартып кетуі мүмкін", - деді ол.

Вице-министр құтқарушылар автобустың астында қанша бос орын барын білмейтінін, бұл құтқару жұмыстарын одан әрі қиындатып жатқанын атап өтті.

"Әрине, ол жерде барлық қауіпсіздік шарасы сақталған, бүгінде автобус жатқан жердің бүйірінен техника түсіруге мүмкіндік туды. Қазірдің өзінде 2 мың текше метрден аса топырақ шығарылды, кеше ғана бес текше метрлік экскаваторды түсірдік және ол дәл автобустың үстінде жатқан топырақты ақырын шығара бастады.

(...) Біз барлық басқа елдің тәжірибесін зерттедік, шынын айту керек, мұндайды еш жерден кездестірген жоқпыз. Бұл бізде - Қазақстанда да бірінші рет", - деді Сыздықов.

Фото Валерия Бугаева

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475