Сенбі, 23 Қараша 2024
1185 0 пікір 18 Қаңтар, 2024 сағат 16:32

Биыл зейнетақы мөлшері қанша болады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылы республикалық бюджеттен 2,3 миллион адамға 3,3 триллион теңгеден аса сомаға зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 триллион 16,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 триллион 297,4 миллиард теңге бөлінген.

"2023 жылғы 1 қаңтардан бастап инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді жыл сайынғы индекстеу шеңберінде ынтымақты зейнетақы өсімі 10,5 пайыз (инфляция деңгейінен 2 пайызға ілгерілеп) болды. Сондай-ақ, ең төмен күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мөлшері ұлғайтылды.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 744 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 82 868 теңге, базалық зейнетақы – 37 876 теңге", - делінген хабарламада.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, еліміздегі зейнеткерлер саны 2 миллион 344 мың адам болған.

2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға сәйкес ынтымақты зейнетақы мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9 пайызға өскен.

"Осылайша, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жиынтық зейнетақының ең төмен мөлшері 77 417 теңгеден (2023 жылы) 86 068 теңгеге дейін ұлғайтылды".

фото: GOV.kz

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435