"Жихадқа" шақырып жүргендер - такфиршілдер
Исламдағы кері ағымдар, солардың ішінде салафиттер әрекетінен Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау, Қарағанды облыстарында республиканың өзге аймақтарына қарағанда діни жағдайлардың шиеленісті өрбуі анық байқалады.
«Тура жолды» ұстанушы салафиттердің пікірінше, бүгінгі күнге дейін қазақтардың, дәстүрлі мұсылмандық жолды ұстанып келген өзгелердің де діни түсінік, ұстанымдары дұрыс емес. Олар дінге жаңалық енгізген «бидғатшылар», Аллаға серік қосқан «щирк» жасаушылар. Өз пікірлерін араб елдеріндегі, әсіресе Сауд Арабиясындағы «шейх» діни ғалымдардың айтқандарымен дәлелдеуді әдетке айналдырған. Яғни, қазіргі мұсылман жамағатының бұрынғы ата-баба діни жолымен жүрем дегені бекершілік. Ол адасуға алып барады дегенді алға тартады.
Осы пікірдегі салафиттер өз арасында шартты түрде «мадхалиттер», «суруриттер» деп бөлінген. Солардың қатарында дәстүрлі ханафи ұстанымдағы діндарларға ашық қарсы шығып, қазіргі мемлекеттік құрылым мен заңдарына қарсы «жихадқа» шақырып жүргендері, әрі сол жолда қанды оқиғаларды қолдайтындары - «такфиршілдер». Олар үшін атеист адам түгілі, күнделікті бес намазын қаза етпейтін қарапайым мұсылмандардың өзі «адасушы» қатарынан табылуы мүмкін. Олар қазіргі қоғамды тұрақсыздандыруға, өздерінің «жабық» ортасын құруға ұмтылыс жасауда. Тәкфиршілдер үшін ұлттық құндылықтар мен ерекшеліктер, салт-сана, дәстүрдің еш мәні жоқ.
Исламдағы кері ағымдар, солардың ішінде салафиттер әрекетінен Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау, Қарағанды облыстарында республиканың өзге аймақтарына қарағанда діни жағдайлардың шиеленісті өрбуі анық байқалады.
«Тура жолды» ұстанушы салафиттердің пікірінше, бүгінгі күнге дейін қазақтардың, дәстүрлі мұсылмандық жолды ұстанып келген өзгелердің де діни түсінік, ұстанымдары дұрыс емес. Олар дінге жаңалық енгізген «бидғатшылар», Аллаға серік қосқан «щирк» жасаушылар. Өз пікірлерін араб елдеріндегі, әсіресе Сауд Арабиясындағы «шейх» діни ғалымдардың айтқандарымен дәлелдеуді әдетке айналдырған. Яғни, қазіргі мұсылман жамағатының бұрынғы ата-баба діни жолымен жүрем дегені бекершілік. Ол адасуға алып барады дегенді алға тартады.
Осы пікірдегі салафиттер өз арасында шартты түрде «мадхалиттер», «суруриттер» деп бөлінген. Солардың қатарында дәстүрлі ханафи ұстанымдағы діндарларға ашық қарсы шығып, қазіргі мемлекеттік құрылым мен заңдарына қарсы «жихадқа» шақырып жүргендері, әрі сол жолда қанды оқиғаларды қолдайтындары - «такфиршілдер». Олар үшін атеист адам түгілі, күнделікті бес намазын қаза етпейтін қарапайым мұсылмандардың өзі «адасушы» қатарынан табылуы мүмкін. Олар қазіргі қоғамды тұрақсыздандыруға, өздерінің «жабық» ортасын құруға ұмтылыс жасауда. Тәкфиршілдер үшін ұлттық құндылықтар мен ерекшеліктер, салт-сана, дәстүрдің еш мәні жоқ.
Салафиттер қатарындағы мадхалиттер тәкфиршілдерге қарағанда билікке бағыну идеясын қолдап, мемлекеттік жүйені өзгертуді жақтамайды. Олардың басты идеологиясы адамдарды тура дін жолынан «адасқан», «жаңалық қосушы» деп айыптауға бағытталған. Сондай-ақ, олар Қазақстан аумағында тараған сопылық жолына төзімсіздікпен қарайды. Осы тұрғыдан келгенде біздің еліміз үшін «салафизм»-нің қандай түрі болмасын қоғамға жат ұстаным екендігін дәлелдеп жатудың қажеттілігі шамалы деп білеміз. Салафизм идеологиясын қолдаушылар өз қатарын көбейту жолында әртүрлі әдістерді, соның ішінде Интернет жүйесін епті пайдаланып, жымысқы әрекеттерін жалғастыруын тоқтата қоймаған.
Жалған уағыздарымен діндар жамағатты адастырып, қылмыстық жолға итермелеп отырған діни ұйымның бірі - «Хизб-ут-тахрир». Оның әректтері қоғамдағы этникааралық (еврей ұлты мен АҚШ азаматтарына қарсы) және конфессияаралық (христиандар мен басқа діндерге қарсы) қатынастарды бұзуға бағытталып, қоғам тыныштығын бұзуды көздейді. Ислам талаптары үстемдік ететін Халифат құру идеясын тықпалап, негізгі жұмыстарын халықтың тұрмысы нашар ортасында жүргізуге тырысады. Сондағы мақсаты - оларға материалды көмек көрсете отыра, өз қатарын толықтыру.
Діни экстремистік әрекеттердің Қазақстан жерінде бой көрсетуі әртүрлі жағдайлармен түсіндіріледі. Мәселен, ресейлік сарапшы А.Собяниннің пайымдауынша, ислам радикализмін тарату - мұсылман емес елдердің арнайы қызмет орындарының мақсатты ісі. Ал, ислам елдері ішінде радикалды исламды араб елдері мен Пакистан қолдайды.
Сондай-ақ Қазақстандағы діни ахуалдың өрбуі оның ішкі жағдайымен ғана емес, Орталық Азия және алыс-жақын басқа елдердегі саяси-әлеуметтік ахуалмен де байланысты деген де пікірлер айтылады. Әрина, біз бұл пікірлерді негіссіз деп айта алмаймыз. Сол себептен де біздің кеңестік кезеңде де мұсылмандық сенім әсерінен алыс ажырай қомаған көрші Орта Азия елдеріндегі қоғамдық-саяси жағдайдың қалыпты дамуына алаңдаушылықпен қарайтынымыз да рас. Қазіргі уақытта сол елдердің кейбірінде исламдық идеялармен бүркенген күштер мемлекеттік билікке оппозиция құрап саяси жолмен болсын, қарулы жолдармен болсын, билікті қолдарына алу мүмкіндіктерін қарастырып отырғаны да белгілі.
Исламды зерттеп жүрген ғалым-сарапшылар Қазақстандағы діндар жамағаттың ағымдарға бөліну себептерін, алдымен, әлеуметтік факторлармен байланыстырады. Яғни өмірден орнын таппаған, тұрмыс-тіршілігі нашар адамдар, көп жағдайда, көңіл жұбаныштарын діннен табуға тырысады. Осы оңтайлы жағдайларды өз мақсаттарына пайдалануға ұмтылған радикалды идеологияны таратушылар «отқа май құя түсіп», өз орнын таппай жүргендерге Құран сөздерін өздеріне қажетті мазмұнда түсіндіріп миларын улады, осылайша «тығырықтан шығар жолды» көрсеткен болады.
Діни экстремизмнің пайда болуы мен көріністері бұл күндері жан-жақты зерттеліп, оған қарсы тұрудың саяси-әлеуметтік, құқықтық тетіктері жасалды, әрі олар жылдан-жылға жетілдірілуде. Соның нәтижесінде бірқатар кері ағымдар қызметі тоқтатылып, олардың жымысқы әрекеттері жалпы халық алдында әшкереленді. Экстремистік және лаңкестік әрекеттері үшін қаншама азаматтар, солардың қатарында жастар бас бостандықтарынан айрылып, абақтыға жабылды.
Десек те, діни саладағы мәселелерді шешуде 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның пәрменділігі ерекше бағаланды. Соның негізінде Қазақстандағы діни бірлестіктердің қызметі заңды түрде реттеліп, діни топтар мен ұйымдардың өз бетімен әрекет етуінің жолы кесілді. Осы жұмыстарды ойдағыдай жүзеге асыра білген Дін істері агенттігі бүгінде басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып діни салдағы өзекті де өткір мәселерді шешу жолдарын Қазақстан Республикасы Үкіметі алдына қоюда. Солардың қатарында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, тұрмыс-тіршілігін жеңілдету мәселелеріне баса көңіл бөлінген.
Ғалым, сарапшылардың пікірінше, қазіргі уақытта орын алып отырған мазхабты мойындамау, ұлттық ерекшеліктерді жоққа шығару, «хижаб» мәселелерінің туындауын діни сауатсыздықтан іздеу қажет. Сондықтан, осы бағыттағы жұмыстарды халықтың жалпы діни сауатын ашу, оларға зайырлы қоғам мен діннің ара қатынасын сауатты түсіндіре білуден бастаған жөн дейді. Осы пікірлердің негізсіз еместігіне көзін жеткізген Дін істер агенттігі кең діни ағарту, ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізуді қолға алды. Ондай жұмыстар қоғамның барлық деңгейін қамтып, жоғары және орта оқу орындары студенттері мен оқушылары, қала, аудан, ауыл тұрғындары арасында, әскери бөлімшелерде, түзету орындарында өткізілуде. Насихат топтарына теолог ғалым, сарапшылардан, қоғамдық пәндер мамандары мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының білікті имам, қызметкерлері тартылған. Атап өту керек, осы жүргізген жұмыстар нәтижесінде халықтың біраз бөлігінің кері діни ағымдар мен дәстүрлі ханафи ұстанымы жөнінде дұрыс ұғым қалыптасып, білім деңгейлері өсті.
Көпшілікті қамтитын шаралардың қатарында Дін істері агенттігі мен облыс әкімдіктері бірлесіп өткізіп отырған республикалық конференциялар мен семинарлар, «дөңгелек үстелдер» де атап өту орынды. Ол шараларға отандық ғалым, теологтармен қатар шет елдерден білікті мамандар шақырылуда. Олар еліміздің алыс аумақтарына дейін барып, дәрістер оқып, «ислам дініндегі мазхаб ұстаудың қажеттігі мен пайдасы», «салафизмнің зияны мен зардаптары», «жихадизм мен такфиршілдік идеологиясының исламмен сыйымсыздығы», «матуриди ақидасының ханафилік ілімнің жалғасы» тақырыптарында білімдерімен бөлісуде. Олар Қазақстанның дін саласындағы саясатына ризашылықпен қарап, осы елде қай діннің болмасын тіршілік етуіне қолайлы екендігін жасырмайды.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, радикалды идеологияның таралуын құқықтық немесе күш көрсетумен ғана тоқтату мүмкін еместігін орынды түсінген Қазақстан жергілікті діни-рухани бірден-бір жолы дәстүрлі діни ұстанымды кеңінен дамытуға баса көңіл бөлуде. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұмысының белсенділігін арттыруға, діни қызметкерлері мен имамдары қатарының білікті мамандармен толықтырылуына тиісті қолдау көрсетуде. Мешіт имамдарының біліміне арнайы көңіл бөлініп, тиісті дайындық курстарында діни пәндермен қатар мемлекеттің құрылысы мен заңдарына қатысты пәндерден дәрістер оқытылуда.
Осылайша, діни экстремизм әрекеттері мен діни адасушылыққа жол бермеуде тұрғындар арасында діни ағартушылық тәрбиелеу жұмыстарына баса мән берілуде. Сонымен бірге атқарылып отырған жұмыстардың әсерлі болуында бұқаралық ақпарат құралдарының да маңызы мен рөлі ескерілуде. Оларда қазіргі күні атқарылған шараларды жарыққа шығарып хабарлаумен қатар, арнайы діни мәселелер, ұлттық құндылықтар төңірегінде бағдарламалар, ток-шоулар ұйымдастырылуда. Ақпараттық заманда өмірдегі келеңсіздіктер мен діни экстремизм идеологиялары, лаңкестікке жол бермеу, олардың алдын алуда БАҚ құралдарының орны мен мүмкіндіктері зор екендігі мәлім. Сондықтан оның жұмысы одан әрі белсендіре түспек.
Жалпы радикалды діни идеологияға қарсы тұра білу жан-жақты қарастырылған, кешенді іс-шараларды жүргізуді талап етеді. Осы және Елбасының 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы алға қойған міндеттерін ескере келіп, қазіргі күні «Қазақстан Республикасының 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасы» жасалды. Ендігі ретте онда қарастырылған іс-шараларды жүзеге асырудың жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылуда.
Қазіргі кезде дінді тек жекелеген адамдарға ғана емес, мемлекет үшін де қажетті деп түсіне білген жөн. Өйткені қоғамда мүшелерінің бойында адамгершілік қасиеттердің қалыптасып дамуындағы діннің әлеуеті мен тәрбиелік рөлі мемлекет үшін қажетті, сондықтан ол дінді саяси-қоғамдық өмірден ығыстырып шығаруға, қысым көрсетуге ұмтылмайды. Ал мемлекеттің тұрақтылығы мен саяси-экономикалық жағдайының күшеюі діннің де қалыпты дамып, өз міндеттерін атқаруына мүмкіндік беретіні рас, әрі ол осыған мүдделі болуы керек. Осындай өзара келісім мен жарасымдыққа қол жеткізгенде біз қазіргі діни адасушылық пен алауыздыққа тойтарыс бере аларымыз анық.
Мекежанов Балтабай Уәжітұлы, ҚР Дін істері агенттігінің Ислам діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқарма бастығы
Abai.kz