Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы дәрі сыналып жатыр
Қазақстандық ғалым Дос Сарбасов қатерлі ісікке қарсы дәрі ойлап тапты. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.
«Дос Сарбасов деген атақты биотехнолог, ғалым бар. Ол Техас университетіндегі Андерсон онкологиялық орталығында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеді. Қазір Қазақстанға оралды. Дос ағамызға үлкен алғысымызды айтамыз», – деді Саясат Нұрбек Үкіметтің баспасөз орталығында.
Оның айтуынша, бүгінде дәріні 15 адам қабылдап, дәрі сынақтан өтуде.
«Қазір ол – ұлттық зертхананың басшысы. Бүгінде биотехнолог болғанына қарамастан, онкология саласында жұмыс істейді. Қолымда тұңғыш рет Қазақстанда шығарылған DVC атты онкологиялық дәрі-дәрмек тұр. Қазір осы дәрімен 15 кісі емделіп жатыр. Олар – Алматыдағы онкология және радиология институтында», – деді министр.
Саясат Нұрбек препаратты келесі жылы нарыққа шығару жоспарланып отырғанын айтты.
фото: qaz365.kz
Abai.kz