Қазақстанда 2 мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалып кеткен
Елімізде 2 098 адам хабар-ошарсыз жоғалып кеткен, 10 178 адам іздестірілу үстінде. Бұл туралы деректі Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті берді.
Жоғалған адамдардың көп бөлігі Алматы қаласында — 278 адам, содан соң Қарағанды — 217, Павлодар — 170, Алматы облыстарында — 152 адам тіркелген.
Үйден кетіп, оралмаған — 1 572 адам, автокөлікпен жоғалған — 73, жұмыстан кеткен — 38 адам дерексіз.
«Көбінесе 30-49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%). Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестірілуде. Іздеуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%). Олардың ең көп саны алаяқтық (526), ұрлық (309) және адам өлтіру (143) дерегі бойынша:
Алматы қаласында (496), Астана қаласында (183), Шымкент қаласында (149), Алматы (164), Қарағанды (148) облыстарында іздестірілуде», — деп жазды бақылаушы органнан.
фото: egemen.kz
Abai.kz