«Востокмашзавод»: Вагон құятын бірегей кәсіпорын
Еліміздегі ең ірі машина құрастырушылардың бірінен саналатын, Өскемендегі «Востокмашзавод» биыл өзінің 55 жылдығын атап өтпек. Зауыт жарты ғасырдан астам уақыттың ішінде елдегі тау кен өндірісі мен машина құрастыру саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып үлгерді.
Тарихы тереңде жатқан бұл кәсіпорынға соңғы жылдары дағдарыс қауіп төндіріп, банкроттық бұлты үйіріле бастаған. Әйтсе де мемлекет қолдауының арқасында зауыттағы жұмыс орындарын сақтап қалудың түрлі жолдары қарастырылып, қызметкерлердің жаппай қысқартылуына жол берілмеді. Осындай қиын-қыстау шақта зауыттың тірлігін оңалту үшін көмекке «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ келген.
«Қазақстан теміржолы» акционерлік қоғамы бүгінде «Востокмашзаводтың» негізгі акционері болып отыр. Зауыттың 95 пайыз акциясы – солардың үлесінде. Ол зауытқа 900 миллион теңге құйып, банкроттың аз-ақ алдында тұрған жерінен аяғынан тұрғызған. Сол қаржының 700 миллион теңгесі әлеуметтік салық пен коммуналдық төлемдерге қатысты қарыздарды жабуға жұмсалыпты. Қарыздың осыншалықты көп болуының салдарынан жұмысшылардың еңбек-ақысын көтеруге соңғы уақытқа дейін мүмкіндіктер болмаған. Осы инвестиция-ның арқасында мұндағы жұмыс орындары сақталып қана қоймай, жаңа орындар пайда болған. Жаңа жоба толықтай жүзеге асқанда жаңадан ашылған жұмыс орын-дарының саны 450-ден асады деп күтілуде.

Осылайша қарыздан көз ашқан зауыт отандық нарыққа бет бұрғаны ел есінде. Теміржол саласының жаңа бағыттарын еңсеріп, бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін кәсіпорын өз өндірісінің бағытын әртараптандырып бағуда. Ежелден қа-
лыптасқан қуатты өндіріс базасы кәсіпорынның вагон құю ісіне іркілмей кірісіп кетуіне оңтайлы болып шықты. Қытай және неміс мамандарымен тізе қосып, тер төккен зауыт қызметкерлері былтыр №10 шойын құю цехын вагон өндірісіне бейім-деу жұмыстарын тындырды. Цех толық қуатына енген шақта жылына екі мың вагон өндіріледі деп күтілуде.
Ал биыл құрылған қондырғылар мен енгізілмек технологияларды пайдалана отырып, кепілдік сұранысқа сай өнім алудың тәжірибелері қызу жүріп жатыр. Осы жұмыспен қатар «Болатты пештің қатысынсыз өңдеу» жобасының құрастыру жұмыстары бітуге жақын. Зауыттың қуаты күшеюімен қатар, ондағы қауіпсіздік шаралары да заманауи қызмет түріне көшіп отыр. Бүгінде зауыт өндірген серіппелі арқалықтар Ресейдің Санкт-Петербургінде сынақтан өткізіліп жатыр. Сынақтан сәтті өтіп, лицензиялық құжаттары дайындалған сәтте дайын өнімге сұраныс көп боларына зауыт басшыларының сенімі мол. Қазірдің өзінде «Қазақстан вагон құрастыру компаниясы» ЖШС-ынды вагон жөндеу кәсіпорындары «Востокмашзаводтың» өнімдерін күтіп отыр.
– 2009 жылы зауыттың шығыны бас-тан асып, банкроттың алдында тұрған едік. Кредиторлық қарыз 8,5 миллиард теңгеге дейін жеткен. «Қазақстан теміржолы» АҚ зауыттың 95 пайыз акциясын сатып алып, кәсіпорынға құйған инвестициясының арқасында жағдай түзелді. Бұл жаңғыртылған цех іске қосылған кезде негізгі акционеріміздің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, елдегі болат вагон құятын жалғыз кәсіпорын болмақпыз. Соның арқасында жұмысшылардың тұрмысын түзеп, келер жылға қарай зауыттағы орташа еңбекақы деңгейін 95 мың теңгеге дейін көтеруді көздеп отырмыз, – дейді бас директор Виктор Маточкин.
Дағдарыстың дауылын толықтай еңсерген зауыт қызметкерлері 55 жылдық мерейтойды болашаққа деген сеніммен қарсы алып отыр.