Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3560 0 пікір 24 Қазан, 2013 сағат 14:59

Қасқайып Қабанбай тұр Өскеменде

Облыс орталығы – Өскемен қаласында Қабанбай батырдың бірде бір ескерткіші жоқ екені белгілі. Биылғы жылдың соңына дейін осы олқылықтың орны толмақ.
Өскеменнен Семейге шыға берістегі Ахмер мен Шығыс ауылының ортасындағы төбеде баһадүрдің атқа мініп тұрған алып ескерткіші бой көтермек. Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ бастамасымен қолға алынған бұл игі іс Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан қолдау тауыпты. Нақтырақ айтсақ, министрлік тарапынан елім деп еңіреген ердің ескерткішіне 150 млн. теңге бөлініпті.
Тұғырынан бастап есептегенде он метр биіктіктен асатын алып ескерткіштің негізгі бөлігі қоладан құйылмақ. Ескерткішті қазір Астана қаласындағы «Балқыту» ЖШС жасап жатыр. Туынды авторы – белгілі сәулетші Нұрлан Далбай.
Ескерткішті жасауға тапсырыс алған «Балқыту» ЖШС-нің директоры Өміртай Адамовтың айтуынша, қола мүсіннің сапасы басқа ескерткіштермен салыстырғанда анағұрлым жақсы көрінеді.
Жауына жасындай жарқылдаған батыр бабаның Өскеменге келуі ұлттық рухымызды тағы бір көтеріп тастары ақиқат. Бір кездері «жаудың өтінде, жердің шетінде» боламын деп азуын айға білеген қаһарлы Қабанбай батырға бүгінгі ұрпағы облыс орталығынан орын сыйлап жатса, ұлылықтың белгісі емес пе?!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347