Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
3042 4 пікір 2 Ақпан, 2024 сағат 14:06

Германия Өзбекстанға 50 мың жұмыс орнын ұсынды

Германияның жұмыс берушілері сыртқы еңбек миграция агенттігі арқылы Өзбекстан азаматтарына 50 мың бос жұмыс орнын ұсынды. Олар неміс тілі курстарына қатысуға да көмектеспек.

Gazeta.uz білдіргендей, медбике, жүргізуші, жүк тасушы және ауыл шаруашылығы техникаларын игеру, мейманхана бизнесі, ресторан ісі, туризм, қолөнер, мехатроника, құрылыс және басқа салалар бойынша бос орындар ұсынады.

Теориялық және тәжірибелік білімді алмастырып, белгілі бір кәсіп бойынша терең оқыту үшін ұйымдастырылған Ausbildung бағдарламасы арқылы жұмыс орындарының айлығы 1000 еуродан басталады.

Агенттік егер қызметкер жұмыс берушімен тікелей еңбек шартына отырса, онда еңбек ақы 2000 еуродан басталатынын хабарлады. Қызығушылық білдіретіндер агенттік анкетасын толтыруы керек.

Соңғы жылдары Орталық Азия мигранттарының көбі АҚШ, Еуропа және Азияның дамыған елдеріне жұмыс істеуге ұмтылып жатыр.

Фото: Газета.uz

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 944
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2431
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 650
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 629