Жексенбі, 4 Қазан 2026
1761 0 пікір 6 Ақпан, 2024 сағат 14:40

196 шақырым белгіленді. Тәжік пен Қырғыз шекара бөлісуде

Сурет: kun.uz

Соңғы төрт айда Қырғызстан мен Тәжікстан шекара сызығының 196 шақырымын айқындады. Осылай деп 5 ақпанда Тәжікстан президенті Қырғызстанның сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен кездесуінде мәлімдеді.

Тәжікстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір екі ел шекарасының 90 пайызы айқындалды. Бұдан бөлек екі тараптың кездесуінде сауда-экономикалық қатынастың дамуы, парламенттік байланысты нығайту мәселесі талқылаған.

Соңғы айларда екі ел шекара бойынша нақты келіссөздер жүргізіп жатыр.

Қырғыз президенті таяуда екі елдің шекара мәселесі биыл жазға қарай толық аяқталады деп мәлімдеген.

Қырғызстан және Тәжікстан шекарасының жалпы қашықтығы 972 шақырымды алып жатыр. Шекара аймағында келісілмеген жерге қатысты тұрғындар арасында жиі дау туындайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 658
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 929