Маңғыстау: 2020 дейін өңірдің даму мақсаттары
Мұнай мен газдың бай қорлары Маңғыстауды ірі отандық және шетелдік компаниялардың қаржылық мүдделерінің шоғырлану аймағына айналдырды. Солтүстік Каспий қайраңындағы барланған және расталған көмірсутегі шикізатының қорлары мұнайгаз секторының одан арғы дамуының келешегін алдын ала анықтап берді. Маңғыстау мұнайы мен газының құрауыштары әлемде өнеркәсіптің ең талап етілетін саласы – мұнай химиясының дамуына нақты мүмкіндіктер береді.
Негізгі мақсат: Өңірдің бәсекеге қабілеттілігін ұлттық және халықаралық деңгейлерде экономиканы әртараптандыру және бар басымдылықтарды іске асыру және дамыту арқылы арттыру .
Дамудың басты бағыттары:
1. Мұнайгаз өндіру секторы
2. Шекарамен шектес аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту
3. Халықаралық көлік желілерін, көлік-логистикалық орталықтарды дамыту
4. Туризмді дамыту