Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
1823 4 пікір 7 Ақпан, 2024 сағат 15:57

Путин Кимге: Бізге қару бер, біз санкциядан шығарамыз!

Сурет ВВС сайтынан алынды

Ресей қару-жарақ бергені үшін Солтүстік Кореяға дүниежүзі қаржы жүйесіне кіруге мүмкіндік беріп, БҰҰ санкциясына ұшыраған активтердің бір бөлігін бұғаттан шығарды.

Бұл жөнінде The New York Times (NYT) басылымы АҚШ-тың барлық қызметіндегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Ресей қаржы институттарының біріне орыс банктерінде бұғатталған Солтүстік Кореяның 30 миллион доллардың тоғыз миллионын бұғаттан шығаруға рұқсат берген.

Солтүстік Корея бұл қаржыны мұнай сатып алуға қолданады. Бұдан бөлек Мәскеу Пхеньянға Оңтүстік Осетиядағы банктен есеп-шот ашуға рұқсат берген. Грузия Оңтүстік Осетияны Ресей басып алған өзінің аймағы деп есептейді.

Сарапшылардың айтуынша, Солтүстік Кореяға санкциялардан айналып өтуге көмектесіп жатқаны бойынша БҰҰ-ға Ресейдің жауабы дайын. Мәскеу "активтерді жеке банк бұғаттан шығарғанын, оған биліктің ешқандай қатысы жоқ" деп мәлімдеуі мүмкін.

The New York Times жазғандай, америкалық шенеуніктерге Мәскеу мен Пхеньян арасындағы келіссөздің мазмұны белгісіз. Бірақ Солтүстік Корея қару-жарақты Ресейге беріп, олардан қаржықаржысын бұғаттан шығаруға көмектесуін талап етуі мүмкін дейді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1150
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2682
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 797
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 768