Былтыр Қазақстан 50 тоннадан астам алтын сатса, Өзбекстан одан екі есе аз алтын экспорттаған.
2023 жылы Қытай алтын сатып алушы ірі ел атанды. Бұл ел 230 тонна алтын алған. Одан кейінгі орындарға Польша, Сингапур, Ливия және Чехия орналасқан.
2023 жылғы қарашада Өзбекстан он айда алтын саудасынан 6,870 миллиард доллар пайда тапқан. Бұл ел экспортының 33,6 пайызы болды.
Өзбекстан 2022 жылы 4,11 миллиард долларға, ал 2020 жылы 5,8 миллиард долларға алтын сатқан.
Дереккөзі: centralasian.org
Abai.kz