Жексенбі, 24 Қараша 2024
1140 0 пікір 9 Ақпан, 2024 сағат 16:17

Израиль Газада тұтқындалған 71 палестиндікті босатты

Сурет: Әлеуметтік желіден

Израиль билігі Газа секторында жүргізген құрлық операциясы кезінде ұсталған 71 палестиндікті босатты. Арасында 19 әйел бар.

Бұл жөнінде WAFA агенттігі Газа билігіне сілтеме жасап хабарлады. Олар "Керем-Шалом" шекара бекеті арқылы босатылған.

Осының алдында Reuters агенттігі Газа секторындағы соғысты тоқтатудың ХАМАС ұсынған жоспарын жариялаған. Ол құжат үш кезеңнен тұрады: өзара тұтқындар алмасу, Газа секторын қалпына келтіру және Израиль әскерін толық шығару.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС ұсынған жоспардан бас тартқан. Ол Газада жихадшы топты жоймайынша, соғыс жүре беретінін мәлімдеген.

Бұл күндері Таяу Шығысқа АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен барды. Ол Израиль мен Палестина арасында бейбіт келісім болады деген үмітін білдірді.

8 ақпанда ХАМАС өкілдері келіссөзге қатысу үшін Каирге барды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5615