Маңғыстау тарихы: Таулы үстірті және Тауқыр
Маңғыстау таулы үстірті және Тауқыр Тұран эпигерциндік платформасының шеткі аймағының қатпарлы негіздерінің көтерілуі нәтижесінде түзілген Мезокайназойдың жабын қабаты болып табылады. Қатпарлы негіздің тау жыныстары Маңғыстау таулы үстіртінің орталық бөлігі Қаратау мен оның оңтүстік шығысындағы Тауқыр жүйесіне кіретін Қызылқияда жер бетіне шығып жатыр. таулы үстірті ядросы жоғарғы пермь, тряс, юра дәуірлерінің тау жыныстарынан тұратын антиклинальды қатпарлы құрылым болып табылады.
Маңғыстау таулы үстірті және Тауқыр Тұран эпигерциндік платформасының шеткі аймағының қатпарлы негіздерінің көтерілуі нәтижесінде түзілген Мезокайназойдың жабын қабаты болып табылады. Қатпарлы негіздің тау жыныстары Маңғыстау таулы үстіртінің орталық бөлігі Қаратау мен оның оңтүстік шығысындағы Тауқыр жүйесіне кіретін Қызылқияда жер бетіне шығып жатыр. таулы үстірті ядросы жоғарғы пермь, тряс, юра дәуірлерінің тау жыныстарынан тұратын антиклинальды қатпарлы құрылым болып табылады.
Қатпарлану аймағында көтерілулер мен төмен түсулер қатар жүруіне байланысты герцин көтерілуінің нәтижесінде түзілген Шығыс Қаратау, Батыс Қаратау және Қаратаушық таулары қатар жатыр. Олардың аралықтарын синклинорилер бөліп жатыр. Батыс Қаратаудың солтүстігі мен оңтүстігінде антиклинальдың қанаттарында түзілген бор дәуірінің жыныстарынан тұратын моноклинальды солтүстік және оңтүстік Ақтау жоталары орналасқан. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі Бесшоқы. Оның абсалюттік биіктігі 556 мерт. Қаратау мен Ақтаудың аралықтарын бөліп жатқан тауаралық аңғарлар төменгі бордың саздары мен құм тастары жер бетіне шығып жатыр. Олар диаметрі 2 кей жерлерде 3 метрге дейін жететін шарлы құралымдар түзеді. Құмтастардың үгіліп, құрамындағы құмның бөлінуі нәтижесінде конкрециялар жер бетіне шығып үрленген шар тәрізді құрылымдар түзді. Маңғыстау тауларының сыртында абсалют биіктігі 150-175 метрден аспайтын терең әрі тұйық сорлы ойыстар түзетін әктасты үстірттер алып жатыр. Онда дүние жүзіндегі терең ойыстардың бірі Қарақия (- 132м) орналасқан. Маңғыстау тауларының оңтүстігінде Жетібай, Өзен кен орындарында мұнай мен газ табылған. Маңғыстау тауларының солтүстігі біртіндеп бозащы мойпатты түбегіне ұласады. Онда да мұнай мен газдың мол қоры бар. Маңғыстау таулыүстірті солтүстік шөл зонасына жатады. Оның біршама бөлігін сазды, сортаң, тасты және құмды шөлдер алып жатыр. Түбектің солтүстік бөлігін жусанды сазды шөлдер алып жатыр. Өсімдік жамылғысында жусанның солтүстік Тұран түрлері мен сортаң шөптер, бұйырғын мен бпялыштар басым болып келеді. Оңтүстік бөлігінде сазды шөлдермен үйлесіп отыратын сортаң шөлдер басым. Олардың аралығында өсімдіктер жамылғысы жоқ Қарақия, Қауынды қырлы жарық ойстары бар. Негізгі өсімдіктері сортаң тұзды топырақта өсуге бейімделген сары сазан, сортаң шөп. Маңғыстау тауларының басым бөлігін тасты субстратта қалыптасқан тасты шөлдер алшып жатыр. Онда биіктік белдеуліліктің заңдылықтары да байқалады. Біршама биік бөлігі Бесшоқы маңында шөлдер біртіндеп шөлейтке ұласады. Тауқыр жүйесі өзінің құрылысы жағынан Маңғыстау тауларына ұқсас. Онда антиклинальды ірге тасының негізі ортапалеозойдың, пери мен триастың тау жыныстарынан тұратын қатпарлы құрылым болып табылады. Маңғыстау тауынан айырмашылығы қатпарлы солтүстік шығыс тармағы палеоген мен неогеннің сазды жыныстарынан құралған.
Abai.kz