Жемқорлық күреске әр азамат атсалысуы қажет
Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіріп, қоғамның дертіне айналған екі мәселе бар, оның бірі сыбайлас жемқорлық та, екіншісі нашарқорлық. Жемқорлық қылмысының алдын алу, онымен күрес мақсатында қыруар шаруалар атқарылып, арнайы заңдар мен бағдарламалардың қабылдануына қарамастан, бүгінде бұл дерттің тамырына балта шабу оңай болмай тұр.
Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесi жыл сайын Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жарияланып тұрады.
Биылғы 2012 жылғы халыққа Жолдауында бұл туралы былай деген болатын: «Жаңғыртудың ең маңызды мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлықпен кесімді күрес. Біздің бұл бағыттағы іс-әрекеттеріміз мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлық деңгейін едәуір төмендетті. Алайда бізге сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа стратегиясын жасау қажет. Парақорларды анықтау және сотқа тарту жеткіліксіз», - деп Н.Назарбаев ҚР Үкіметіне жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жұртшылыққа жемқорлық тәртіп бұзушылықты ескерту мен алдын алуды міндеттеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Президент Нұрсұлтан Назарбаев жүргізетін мемлекеттік саясаттың аса маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кешенді және жүйелі сипат алып отыр.
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Қазақстанның тәжірибесінде жинақталған үш негізгі шартты атап айтты: «Біріншіден, қатал әрі әділ заңдар қажет. Екіншіден, күшті саяси жігер қажет. Үшіншіден, барша қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қажет».
Тек осы жағдайда ғана бұл дертті ауыздықтау мүмкіндігі тумақ.
Осы сипаттағы құқықбұзушылық пен қылмысқа лайықты жаза тағайындау Маңғыстау облыстық соттарының жіті қадағалауында. Айта кету керек, сотқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 176-бабы 3-бөлігімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету), 307-бабымен (Қызмет өкiлеттiгiн терiс пайдалану), 311-бабымен (пара алу), 312-бабымен (пара беру), 314-бабымен (қызметтік жалғандық жасау) түскен істер көп.
Олардың барлығы да ірі мөлшерде айыппұл төлеуден бастап бас бостандығынан айыруға дейін қатаң жазаларға тартылады. Алайда, Елбасы айтқандай, парақорларды анықтап, оларды сотқа тарту жеткіліксіз. Әрбір азамат қоғамда бұл қылмыстың қаншалықты ауыр екенін, оның мемлекетке үлкен зиян келтіретінін түсіну керек.
Сондықтан, барлық азаматтарды жемқорлыққа жол бермей, оның алдын алуға үлес қосуға, жемқорлық оқиғасын кездестірген жағдайда тиісті орындарға хабарласуға шақырамын.
Гүлзира Қалиева,
Маңғыстау облыстық сотының бас маманы
Abai.kz