Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 1340 4 пікір 19 Ақпан, 2024 сағат 15:53

Қазақстанның сыртқы саудасы: Қытай бірінші орынға шықты

Коллаж Ulysmedia

Нұрлан Құлбатыров Қазақстанның 2023 жылғы сыртқы сауда нәтижелері бойынша мәліметтерді жариялады. Нәтиже бойынша 2023 жылы Қазақстан Азия елдеріне экспортты күшейткені байқалады.

Ал Қазақстанның саудадағы басты серіктесі Қытай болған. Қазақстанның экспорт үлесі бірден 10 пайызға артып, 31,5 млрд АҚШ долларына жеткен. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрын – 24,2 млрд долларды құраған.

Бұл көрсеткішпен Қытай 2022 жылы көш басында болған Ресейді екінші орынға ығыстырды.

Ал Ресейге қазақстандық экспорт үлесі керісінше 1 млрд долларға төмендеген (2022 жылы – 27, ал 2023 жылы – 26 млрд доллар).

Көрсеткіш Нұрлан Құлбатыровтың Facebook парақшасынан алынды

KazTrade сауда саясатын дамыту орталығы бас директорының бірінші орынбасары Нұрлан Құлбатыровтың айтуынша, Қазақстан Қытаймен қатар Азияның өзге елдеріне де экспорт үлесін айтарлықтай арттырған.

"Қазақстан Азия елдеріне (Қытай (+10%), Гонконгқа (+34%), Оңтүстік Кореяға (+30%), Вьетнамға (+64%) шикізаттық емес экспортты ұлғайтты. Тауар айналымындағы Қазақстан экспортының үлесі 56,3% құрайды. Экспорттың жалпы көлемінде өңделген тауарлардың үлесі 32,1%-ды құрады", – деп жазды KazTrade сауда саясатын дамыту орталығы бас директорының бірінші орынбасары.

Жалпы, 2023 жылы Қазақстанның экспорты 2022 жылмен салыстырғанда 4,3 млрд долларға артып, 139,8 млрд АҚШ долларын құраған.

2023 жылы Қазақстанның сыртқы сауда бойынша негізгі он серіктесінің орындары өзгергенімен, жалпы құрамында өзгеріс болмаған.

Дариға Асқар

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598