Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2798 0 пікір 18 Қараша, 2013 сағат 06:35

ЖҰРТТАН БИІК ЖҰРЫНОВ КІМ?

Осы біздің қасқа ғалымдардың қылығын түсінбейсің. Ақсақалдық жасқа келсе де академиктеріміздің аттан түскісі келмейтін керемет «белсенділігі» бар. Аттан түскісі келмейді деп лауазымды қызметті айтып жатқанымыз ғой. Әйтпесе ақсақалдар ел ішінде жүріп, кейінгі толқын жас буынға жол сілтеп жатса қандай жарасымды. Аттан түскісі келмегенді былай қойып, кейбір академиктеріміз өз аты-жөнін мәңгілікке қалдыруға тыраштанып әуре сияқты.
Біз Түркістан қаласындағы Қ.А. Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ- түрік университетінде болғанымызда еріксіз осындай ойға қалдық. Себебі осы оқу орнының «Сенат залында» көзі тірі ғалымымыз Мұрат Жұрыновтың еңгезердей ескерткіші тұр. Кәдімгідей күнде көріп жүрген Қазақстан ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат Жұрынов. Биіктігі шамамен бір құлашқа жуық алып кескін. Қабағын түйіп, түнеріп тұр. Айтпақшы, әлгі «Сенат залы» да осы қасқа ғалымның есімімен аталады. «Мұнда тұрған не бар?» дерсіз бәлкім. Әрине бір қарасаң онда тұрған ештеңе жоқ. Бірақ осындай «жұқпалы» дерт қарт ғалымдарымызды түгел шалып кетпесе игі еді деп күмілжисің кейде.

Ал шын мәнінде халқына еңбегі сіңген ерді елі өзі-ақ іздеп тауып алады ғой. Кешегі XX ғасыр басындағы алаш арыстарының қайсысының соңында алтынмен апталып, күміспен күптеліп бюсті қалып еді. Енді міне азаттықтың ақ таңы атқан соң соңында қалған қабырғалы халқы жоқшы болып, олардың есімдерін мәңгіге қалдыруға әрекет етіп жатыр. Мұрат Жұрынов сияқты «жөн білетін» ғалымның көзі тірісінде өзіне ескерткіш қойылып жатқанда бір ауыз «басу сөз» айтуға батылы бармағаны ұят. Жұрынов болсын, басқасы болсын, егер ол еліне еңбегі сіңген тұлға болса оны ертең халқы өзі де іздеп тауып алады ғой. Одан бұдан алған шұбыртпалы атағы болғанымен ғылымға қосқан жаңалығы дүмбілез дүмше біреу болса уақыт жуындысымен күресінге кетері рас. Қанша жерден алдын ала орын сайлап, тыраштанғанымен бұл баянды мұрат емес.
Аталмыш оқу орнының басқа корпусында Жұрынұлының бюстісінен өзге тағы бірнеше ескерткіш бар екен. Алайда олар мүлдем орыны бөлек тұлғалардың бейнесі. Бірі – еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсіні болса, екіншісі – тәуелсіз Түркия Республикасының негізін қалаушы, тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің бейнесі. Соңғы аталған екі тұлға да әлдеқашан әлемдік деңгейде өздерін мойындатқан әрі болашақта да сол биіктен түспейтін біртуарлар. Ал онымен қосарлана таласып жүрген Жұрыновтың «пысықтығын» түсінбедік.
Анықтап қараған адамға Мұрат Жұрынов мырзаның ескерткіші расымен-ақ енгезердей. Оның қасында қос президенттің ескерткіштері жұқалтаң. Қасқа ғалым кезінде осы оқу орнын өзі басқарғанын бұлдап, биіктен қарап төніп тұрғандай.
Біз осы мақаланы жазудағы мақсатымыз тырнақ астынан кір іздеу емес еді. Неге біздің ақсақалдар орынсыз жерге ұрынып, атақ-абырой жинауға құмар. Ауыл-аймақтан шаһарға дейін жаңадан бір көше ашылса оған атасының атын беруге ынтызар буын қалыптасып жатыр. Ақсақалдың бәрі азғындап кетті деп көпке топырақ шашудан аулақпыз. Қарапайым халқымен бірге тыныстап, жұртына жол сілтеп, әдемі қартайып келе жатқан қарттарымыз да қаншама. Болашақта ғылым мен ілімнің тізгінін ұстап жүрген академиктер өздері басқаратын шаңырақтарына бір-бір мүсін қойып алмаса жарар еді, әйтеуір.
Жарасбай Алдоңғаров
"Халық сөзі" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437