Қазақстан: Тәуелсіздік мерекесі жаңа жылдың көлеңкесі ғана
«Айғайлай-айғайлай қасқырдан да ұят болды» депті ғой баяғыда біреу. Баяғыда біреудің не айтып Құдайдың зарын қылғанын қайдам, Тәуелсіздік мерекесінен ай бұрын қазақ жерінде жасанып шыға келетін жаңа жыл туралы айта-айта Үкіметтен ұят болды...
Біздің Үкімет те бір шіркін ғой, қанша айтсаң да құлағына жетпейді. Тіпті жетсе де: «Оқыған жоқпын» дей салса, таңқалуға болмайды. Басқа, басқа тап осы Тәуелсіздік мерекесінен зор болып тұрған жаңа жылды желтоқсан айының 20-нан әрі қарай ғана қолға алуға қаулы шығарып, пәрмен беруге болады ғой. Әйтпесе, сол Үкіметтен сыртқа кеткен қазақтың байлығын қайтарып бер деп жатқан ешкім жоқ. Тым құрыса, жаңа жылдың аяғына тұсау салуға Үкіметке не кедергі?
Мәселен, жылдағыдай жаңа жылдық безендіру шаралары басталып кетті. Әне, сурет соның белгісі. Алматыдағы «Хабар» агенттігі ғимаратының алдындағы жасанған шырша. Қала бойынша бұл бір ғана шырша емес, орталық көшелерден көп кездестіруге болады. Бұл – қала әкімшілігінің ісі. Жаңа жыл демекші, Есімов мырза бастап, әкімшіліктегі қарғыбаулы кішкентай шенеуніктер қостап, қаланы Тәуелсіздік мерекесінен бұрын шыршамен көмкеріп тастағанда «Былтыры жауа-жауа Есімовтен ұят болды» деп Алматыға жаңа жылда қар түспей масқара болмасақ еді...

Шындығында, Алматы Тәуелсіздік мерекесін тойлау жөнінен өзге қалалар мен Астанаға үлгі болуға тиісті. Өйткені, «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесгігі» деп мен айтқан жоқпын, Президент айтқан. Ендеше, Тәуелсіздікдің «туған анасындай» болған Алматы әлем-жәлем шыршаға әуес? Әрі-беріден соң, Алматылықтар үшін шырша таңсық емес.
Халық пен биліктің арасындағы сетінеп кеткен сенімді Үкімет жаңа жылға дайындықты Тәуелсіздік мерекесінен кейін ғана қолға алуға бұйыратын қаулы шығарып, дәнекерлесе, ешкім қой демейтіні анық.
Ал, Есімов мырза Тәуелсіздік тойын қарсы алу мен мерекелеуде төтенше ерлік көрсетсе, қар тау болып үйіліп, тазаланбаса да түсіністікпен қарар едік...
Әй, бірақ, қайдам... Біздікі - «Үмітсіз – шайтан».
Айтпақшы, әлгі «халық қалаулылары» мен «көппартиялы парламентіміз» бар екен-ау. Бірақ, депутаттар айтты екен деп қандай да бір істі едел-жедел қолға алған Үкіметті осы уақытқа дейін көрмедік. Бұған дейін мінез көрсетпеген парламент бұдан кейін де тулай қоймас. Кім біледі, мүмкін бәлендей зиянсыз мәселеге ғой деп кірісіп те кетер ме екен... Бәлкім, жаңа жыл туралы айғайды «Алаш жолын қуған, белді бекем буған» партия бастап кетер... Әлде «халық» пен «демократиядан» айдың-күннің аманында басын арашалап, өз жолына түскен партияның әсіре белсенділері бастар ма екен...
Ұмытып барады екенмін, біздің елде де «халық», «ел-жұрт», «қоғам» бар. Обалы, кәні, жыл сайын жаңа жылды маңдайға басқан жалғыз мерекеміз Тәуелсіздік күнімен жарыстырмайық деп айтып, жазып келеді. Алайда, ел болып бірігіп, қоғам болып жұмылып, Тәуелсіздікті қорғамаса да, Тәуелсіздік күні мерекесін жаңа жылдан ажыратып алуға әлі де қорқақтап, аяқ-қолы дірілдеп, үрей билеп «Қой, бәледен машайық. Өзіміздің екі-үш үй аман болсын! Қалғаны – өлмек түгілі, өмірем қапсын. Айналып келгенде, маған бәрібір» деп мойнын ішіне алып, тымырайып тіршілік етіп жатыр. Зәуде ғалам Тәуелсіздік пен Тіршіліктің арасында таңдау жасаңдар десе, біздің қоғам тіршілікті таңдай ма деп қорқам...
Abai.kz