Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
2413 0 пікір 28 Ақпан, 2024 сағат 15:31

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қатысты жаңа заң қабылданды

Сурет: currenttime.tv

Енді тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына уақытша тұрақтайтын мекен беріледі, деп хабарлайды Abai.kz ақпарат порталы.

Мәжіліс әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңды  қабылдады.

Атап айтқанда, түзетулерде денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге, ұрып-соғуға, он алты жасқа толмағандарға жыныстық сипаттағы қысым көрсетуге, суицидті насихаттауға және басқа да әрекеттерге қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Енді отбасын қолдау орталықтарында тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға уақытша тұру мүмкіндігі беріледі.

Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау тәртібі реттеледі. Сотталған немесе татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарға сот белгілеген арнайы талаптарды қолдану шаралары да нақтыланды.

Сондай-ақ Үкіметтің ұсынысымен облыстағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің қызметін реттеуге қатысты өзгерістер енгізілді.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1496
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3111
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1104
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1033