Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2529 0 пікір 14 Қараша, 2013 сағат 17:53

Жылыту маусымына дайындық барысы сөз болды

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде департамент директорының орынбасары С.Олжабаевтың төрағалық етуімен «Жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» және «Жылыту маусымына дайындық барысы» деген тақырыптарда брифинг өткізілді.
Іс-шараға «ҚазТрансГазАй-мақ» АҚ МӨФ директоры Т.Қанафин, «МАЭК-Казатом-пром» ЖШС пайдалану бойынша департамент директоры Ю.Коновалов, «Өзенжылу» МКК директоры Б.Ақшабаев, «Каспий жылу, су арнасы» кәсіпорнының бас инженері А.Дүзмағанбетов қатысты.
Қаралған мәселе бойынша департамент директорының өндірістік қауіпсіздік бойынша орынбасары С.Олжабаев, Мемлекеттік өрт бақылау бас-қармасы басшысының міндетін атқарушы М.Мұқанов сөйлеп, жылыту маусымына дайындық кезеңінде жылу энергиясымен қамту нысандарына жүргізіл-ген өрт-техникалық тексерудің нәтижесі және «Тұрғын үй– 2013» өрт қауіпсіздігі айлығының қорытындысы туралы хабардар етті.

Облыс аумағында барлығы 12 жылу энергиясымен қамту нысаны орналасқан. Маңғыстау облысының ТЖД жұмыс жоспарына сәйкес «МАЭК-Казатомпром» ЖШС, «Өзен жылу» МКК, Бейнеу ауданында орналасқан «МРЭК» АҚ бөлімшесі, «Бейнеу Энергосервис» мекемесіне тексеріс жүргізді. Сондай-ақ, тұрғын үйлерге қатысты тексеріс барысында жылыту пештерін, газ баллон құрылғыларын пайдалану, электр сымдарын жүргізу кезінде жіберілген кемшіліктер анықталып, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ескертпелер мен нұсқамалар таратылды. Атап айтқанда, ағымдағы жылы өткізілген 300-ден аса әңгіме мен түсіндірме жұмыстары 40 мыңға тарта адамды қамтыды. Білім беру орындарында онлайн режимде өрт қауіпсіздігі тақырыптарына арналған 16 интерактивтік сабақтар өткізілді.
Брифингте «Жылу қазандық-тарының 2013-2014 ж.ж. жылыту маусымына дайындығы туралы» қазандық және газ шаруашылығы, көтергіш құрылғылары, нан өнімдері нысандарын бақылау бөлімінің бастығы С.Қыдырмағанбетовтың баяндамасы тыңдалды.
Бүгінгі таңда облыстық тө-тенше жағдайлар департамен-тінің төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқар-масында 48 қазандық тіркелген. Оның 43-і жұмыс жасау-ға дайын, 4 қазандық істен шыққан, 1-і күрделі жөндеуде. Орталықтандырылған жылу жүйелері Ақтау, Жаңаөзен қала-лары және Маңғыстау кентінде орнатылған. Келтірілген деректерге тоқталсақ, 2012-2013 ж.ж. жылыту маусымы ешқандай қатерсіз өткен. Қазандықтар мен негізгі жабдықтардың апаттық және жоспардан тыс тоқтаулары тіркелмеген. Сондай-ақ, магистралды жылу жүйелерінде төтенше оқиғалар орын алған жоқ.
«Табиғи газдарды қауіпсіз пайдалану», «Тұрмыстық газ баллондарын арнайы газ таратушы мекемелерден алу тәртібі», «Тұрмыстағы газды және газ баллондарын пайда-ланудағы қауіпсіздік талаптары» деген тақырыптарда «Қазақстан-Ақтау» телеарнасынан, «Жолбаян» радиокешенінен мамандар сөз сөйлеп, түсіндірме жұмыстарын жүргізгендігі, қыркүйек айында «Қазандықтардың жылыту маусымына дайындығы» мәсе-лесіне арналып дөңгелек үстел өткізілгендігі айтылды. Жиында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ МӨФ директоры Т.Қанафин, «МАЭК-Казатомпром» ЖШС пайдалану бойынша департамент директоры Ю.П.Коновалов, «Өзенжылу» МКК директоры Б.Ақшабаев, «Каспий жылу, су арнасы» кәсіпорнының бас инженері А.Дүзмағанбетов өз мекемелерінің жылыту маусымына дайындығы туралы баяндады.
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504