Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2673 0 пікір 11 Қараша, 2013 сағат 18:22

Украин этно-мәдени орталығы Астана жұртының ықыласына бөленді

27 қазан күні Астанадағы «Жастар» сарайында Қазақстан халықтары Ассамблеясының жиырмасыншы мерекелік сессиясы мен Қазақстан мәдениетінің Украинадағы күндері құрметіне украин халқы шығармашылығының VI республикалық фестивалі өтті.
Фестивальге біздің облысымыздан Т.Г.Шевченко атындағы украин этно-мәдени орталығы қатысты.
Фестивальде шебер өнер көрсеткен «Алтаир» халық би ансамблі жоғары марапатқа – Гран приге ие болды. Ал ансамбль жетекшісі Т.Думановскаяға диплом мен бағалы сыйлық табысталды.
Фестиваль аясында «Як не любити мені цю землю» атты қолданбалы өнерден республикалық көрме де өтті. Оған республикамыздың он екі облысынан шығармашылық ұжымдары қатысты. Көр-меде Ұлы Кобзарьдың 200 жылдығына арналған картиналарын қойған Маңғыстау онер колледжі студенттерінің өнері жоғары бағаланып, дипломдармен марапатталса, ал колледж студенті Е.Алексашечкина бірінші орынға ие болды.
Маңғыстаулық өнерпаздар мен қолөнер шеберлерінің өнеріне тәнті болған Украинаның Қазақстандағы елшілігі оларды Украинаның жоғары оқу орындарында тегін білім алуға шақырды.
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1280
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2824
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 926
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 872