Сенбі, 23 Қараша 2024
1075 0 пікір 6 Наурыз, 2024 сағат 17:53

Баспанасын сақтандыруға өтініш бергендер саны 80% артты

Сурет: bogatyr.club

Былтырғы жылмен салыстырғанда баспаналарын сақтандырғысы келген азаматтардың саны 80% артқан. Мұндай қарқынды әрекетке жер сілкінісі себеп болған.

Сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы халқы соңғы бір айдан бері сақтандыру бойынша көш бастап тұр. Сақтандырылған баспаналардың дені ипотекаға алынған үйлер.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр екі айда небәрі 482 нысан сақтандырылса, бұл жолы сан 855-ке жетіп отыр.

Мамандар табиғи апаттардан кейін статистикада өсімнің болатыны қалыпты жағдай екенін айтты.

"Мүлікті сақтандыру бойынша жақсы қызмет түрлері шамамен үй құнының 0,4-0,5 пайызы болады. Мәселен, баспанаңыз 100 миллион теңгеге бағаланса, онда жыл сайын шамамен 500 мың теңге төлеуіңіз керек. Бұған дейін көбіне мұндай қызметтерді демалысқа кеткендер мен баспанасын уақытша бос қалдырғандар пайдаланатын. Қазір Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты да алып жатыр", – деді Сақтандырушылар қауымдастығының төрағасы виталий Веревкин.

Мүлікті сақтандыру бойынша қазіргі уақытта Астана қаласының тұрғындары көш бастап тұр. Сейсмикалық аймақта орналасқан Алматы қаласы екінші орында. Жалпы республика бойынша ел азаматтарының екі пайызға жуығы ғана осындай көмекке жүгінген.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377