«Еліміздің болашағы - жастар»
Бүгін «Адай – ата, Отпан тау» этно-мәдени орталығы мен «Аудандық жастар саясаты орталығы» МКҚК - ның ұйымдастыруымен «Еліміздің болашағы-жастар» атты облысымыздың жас талапкер ақындары бас қосты. Жиынды орталық қызметкері Данияр Аралбаев ашып, жас ақындар кездесуінің мәні мен мазмұнына қысқаша тоқталды.
Дөңгелек үстел жанына жиналған Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Маңғыстау, Мұнайлы, Бейнеу аудандарынан келген ақындар өз ойларын ортаға салып, барлығы жиырмадан астам жас ақын патриоттық тақырыптағы өлеңдерін оқыды. Өз пікір ұсыныстарын ортаға салды. Жас ақындар жаңаөзендік Әли Тілеген, ақтаулық Марта Әзизаева, мұнайлылық Бағила Игілікова, маңғыстаулық Берік Тілегенов және басқалары жаңа өлеңдерін оқыды. Сондай – ақ осы жиынға қатысқан есімі белгілі ақындар Әзірбайжан Қонарбаев , Қожа-ахмет Демеубергенов, Рза Оңғарбаев, Ахметжан Домбаяков, Сәрсен Қадірлер шығып сөйлеп, жастарға ақыл-кеңес беріп, олардың өлеңдеріне талдау жасап, әлі де болса іздене, үйрене түсу қажеттігін, замана көшінің алғы сапында болу қажеттігіне баса назар аударды.
Жиынға қатысқан қарт ақын, жыңғылдылық Базархан Сүйеуов жастарға сәт сапар тілеп, ақ батасын берді. Бұдан соң «Ақсарай» мұражайын аралау басталып, Адай Ата кесенесіне зиярат ету рәсімі болды. Міне осылайша «Адай-Ата, Отпан тау» киелі мекенінде жастық жалын алаулап, жыр маржан төгілген тамаша бір ұмытылмас сәттер өтті.
Abai.kz