Маңғыстау облысында шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді
Халық табысының өсімінде шағын және орта бизнес елеулі рөл атқаруда. Олардың өнімі 3,7 есеге өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында облыс әкімі Алик Айдарбаев мәлім етті.
«Кәсіпкерлік секторда жұмыспен қамтылғандардың саны бүгінде 84 мың адамды құрайды. Экономикалық белсенді халықтың сапында олардың үлесі 31,6 пайызды қамтып отыр»,-деді өңір басшысы.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру басталғалы бері жалпы сомасы 39,7 млрд. теңгенің 106 жобасы мақұлданды. 3 жылдың ішінде сомасы 1,4 млрд. теңге құрайтын мыңнан астам шағын несиелер берілді. Осы орайда, 2000-ға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды.
Abai.kz