Жұма, 22 Қараша 2024
1227 0 пікір 26 Наурыз, 2024 сағат 15:51

2,8 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Сурет: egemen.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2 800 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алғанын хабарлады.

Қандастарымыздың 49,6% - Қытайдан, 31,9% – Өзбекстаннан, 6,8% – Түрікменстаннан, 6,5% – Моңғолиядан, 3,9% – Ресейден және 1,3% басқа елдерден келген.

Жалпы Тәуелсіздік алғаннан бері елімізге1 млн 131,1 мың этникалық қазақ оралған.

"Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтларды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып ау, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,28 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді", – деп жазылған министрлік хабарламасында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5286