Тағы да көші-қон мәселесі: 5 жыл емес, 4 жыл болды
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген түзетулерді талқылады.
Осы арада айта кетерлік үлкен мәселе, аталған заң жобасында этникалық қандастарымыздың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін елімізде міндетті түрде бес жыл тұру мерзімі белгіленген болатын. Қоғамда түрлі пікірлер тудырған бұл мерзімді Сенат төрт жылға түсіріпті.
Мәжіліс Сенат ұсынған түзетулерге келісімін беріп, жобаға «жол болсын» айтып, мақұлдап жіберді. Сонымен, тағы да көші-қон мәселесі күн тәртібіне шықты. Қадап айтарымыз: жоба заң ретінде қабылданып, Елбасы оған қол қойып, пәрмен етсе, сырттан көшіп келіп жатқан ағайындарымыз төрт жылға дейін Тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматтығына ие бола алмайды.
Abai.kz
СОҢҒЫ ТІЛЕК
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВҚА
Сіз бізді баламаңыз осал ерге,
Тұлпарын туған халқым тосады өрде.
Қазақты ел деп келген, Сіз деп келген,
Қайдағы келімсекке қоса көрме!
Тәуелсіз елде ататын әр таң бақыт,
Қиынға қысылмаймыз салсаң да түк.
Берместен төрт жыл бойы азаматтық,
Қойғаның жарамайды жаутаңдатып!
Ел болып дегенге ерте бүтінделдік,
Өкпе жоқ болмаса да күтім дерлік.
Алғалы келгеміз жоқ біз ештеңе,

Келсек тек Тәуелсіздік үшін келдік.
Елінен қалмасын деп балам шеттеп,
Жетеді ел қолда бармен әрең септеп.
Меккесі Қазақстан шеттегі елдің,
Ойлайды бір кірпіш боп қалансақ деп.
Айта алмай қаламыз ба ән секеңдеп,
Еш кетіп еткен еңбек сонша терлеп?!
Құдайдан тілейді қарт күнде үш уақ,
Сүйегім сол «Меккеде» қалса екен деп.
Аялап Атажұрттың нұрлы есімін,
Анадай тербеп келем жыр бесігін.
Алыстан алабұртып келгем мен де,
Өнердің толтырам деп бір кетігін...
Көбейді дыңғырың да, тықырың да,
Айналды шетке, міне, ысыруға.
Отанды қорғау міндет бұлжымайтын,
Керек қой көшеңді де ел сыпыруға.
Білмейтін туды заман сырын ұғып,
Жатпайтын жендет жасып, ұры бұғып.
Тағдыры бес миллион қазағыңның,
Әнеу бір жалғыз бапқа тұр ілініп.
Арамыз шеттегі елмен андыздапты,
Жүректі сол андыздау сан мұздатты.
Нұреке, Құдай үшін қишы бізге,
Осынау қасиетті жалғыз бапты!!!
Шеттегі бес миллион
қандасыңыздың атынан
Ауыт МҰҚИБЕК
13.10.2013 жыл
Түнгі 01:01
Астана