Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3376 0 пікір 28 Қараша, 2013 сағат 08:37

Cерікжан. Қазақстан қара құрлыққа айналуы мүмкін

Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына байланысты түзету жасап сырттан көшіп келіп жатқан ағайындарымызға Қазақстан азаматтығын 4 жылдан кейін беру керектігін ескертті. Оны Мәжіліс бір ауыздан мақұлдады. Тап сол күні (27 қараша) вице-премьер Ербол Орынбаев «қазақтар баланы көп туып жатыр, бұл үлкен қатер, болашақта жұмыссыздар көбейеді» деді. Осы аралықта abai.kz ақпараттық порталында «Жөргекпұл жаялыққа да жетпейді» деген мақала жарық көрген болатын (http://old.abai.kz/node/40861) . Мақалада көтерілген мәселеге қатысты Серікжан есімді тұрақты оқырманымыз былай деп пікір білдіріпті:

Қазір қазақ халқы "демографиялық дүмпу" ("бэби-бум") кезеңінде, яғни халқының саны өсіп келе жатқан ел. Қазақстан халқы, көшіп кеткен және көшіп кетіп жатқан орыстар, немістер, украиндердің есебінен азайғанмен, қазақтардың, өзбектердің, ұйғырлардың - осы үш ұлттың соңғы 20 жылда үздіксіз көбеюі нәтижесінде, жалпы алғанда өсіп келе жатыр.

Осы демографиялық дүмпу кезеңінде халықтың өсімін барынша қолдап қалудың орнына, Үкімет "біз қолдамасақ та қазақтар өздігінен өсіп келе жатыр",- дегендей сыңай танытуда. Бұл - "халықтың өсімін астыртын шектеу саясаты" ,- деп аталады. Себебі, олар былай ойлайды: "Халық санының шектен тыс көптеп өсуі - елдің экономикалық дамуын тежейді".

Бұл қарапайым есеп: бірінші мысал, егер халық саны жедел өсетін болса, елдің жалпы ішкі өнімнің (ВВП) өсімі жоққа шығады. Сөйтіп елдің жалпы байлығы өскенімен, жан басына шаққандағы табыс (ВВП на душу населения) өспейді. Екінші мысал: Сіздің отбасыңызға келген жаңа сәби жалақыңыздың әр адамға бөлінгендегі көрсеткішін кейін шегеріп тастайды. Яғни, сіздің айлығыңыз енді қосымша тағы бір адамға бөлінетін болады да, әрбір жеке адамға шаққандағы мөлшері азаяды. Үшінші мысалы: егер қытай өзіндегі адам санының өсімін шектемеген болса, онда ол ел мәңгіге баяғы тақыр кедей күйінде қала берер еді. Төртінші мысалы: өз елімізде жұмыссыздық белең алып тұрған кезде, алдағы 50 жылда жұмыссыздық одан сайын арта беретінін, еліміздің табиғи байлық қоры азайып келе жатқанын көре отырып, енді халқымыздың санын көбейте беру - болашақта (2050-ші жылдан кейін) жұмыссыздардың және кедейлердің санын көбейте беру болып табылады.

Міне, логика! Ал болашақта жұмыссыз жастар мен тақыр кедейлердің көбейе беруі - әлеуметтік шиеленістерге, қоғамдық қақтығыстарға, тіпті наразылық көтерілістеріне әкеліп соқтырады. Көбейіп келе жатқан негізінен қазақтар болғандықтан, халықтың өсімін шектеу саясаты негізінен қазақтардың өсімін шектеу есебінен жүргізілуде. Себебі, енді демогарфиялық өсімді қанша тежесең де бәрібір көбейетін - қазақтар, ал орыстар қанша мың доллар берсең де өспейді. Себебі, олар орташа жасы жағынан бала табу жасынан өтіп кеткен, қартайған халық. Оның үстіне шетелден келетін қазақтар өсімнің 17 пайызын қамтамасыз етіп келген еді. Енді оған кедергі қойылды, бұл - "Қазақ халқының өсімін ашықтан-ашық шеткеу" деген сөз.

Бұл саясаттың зардабын тартасыңдар әлі. "Демографиялық дүмпу" аяқталады бір кезде. Оған көп те қалған жоқ, Қазақ та қартая бастайды. Қазақ та Ресей мен Украина сияқты бала таппайтын, сондықтан азайып бара жатқан халыққа айналады. Сол кезде халықтың өсімін қанша қолдасаңдар да, неше мың берсеңдер де өсіре алмайтын боласыңдар. Сосын қазақтың санын өсіре алмаған соң, басқа елдерден келетін жұмыс күші керек болады, ол күші, әрине, көрші Пәкстан, Қытай, Үндістан, Филиппин, Вьетнам және Африка елдері болады. Олар келіп қана қоймай, Қазақстанға млн.-дап тұрақтап қалатын болады. Сонда Қазақстан қап-қара елге айналады: жыл өткен сайын "қарайып бара жатқан", мысалы, Франция сияқты, АҚШ сияқты... Сосын, азайып бара жатқан қазақтар ел халқы санының аз пайызын құрай беретін болады - елде қазақтар азая береді, басқа ұлттар көбейе береді...

Бұл қашан болады, егерде қазақтың өсімін әлеуметтік қолдамасаңдар, шетелден келетін қазақтың көшіне тұсау салатын болсаңдар (шетелдегі қазақтар да көбеймейді, олар өзге ұлттарға жұтылып кету арқылы азая береді болашақта), онда 2070-ші жылдардан кейін дәл осы мен айтқан жағдай болады.

Егерде, қазақтардың шетелден көптеп келуіне кең жол ашып, дүниеге келген әрбір сәбиге мол жөргекақы беріп, көп балалы жанұяларды әрқашан әлеуметтік тұрғыдан қолдайтын болсақ, ана мен бала денсаулығына көңіл бөлсек, онда қазақтардың өсімі ғасырдың аяғына дейін толастамайды. Себебі, көп балалы жанұяда туған ұл/қыз бала ғана - кейін көп балалы әке/ана болғанды қалайды. Оқымаған ұл/қыз ғана көп балалы болады. Қазақы Ислам дәстүрін ұстанған ұл/қыз ғана көп балалы болады.

Түгел Еуропа халқы неге жыл санап азайып, кеміп бара жатыр: олар бала туып және оны тәрбиелеуді бейнет көреді. Әлемде баланы бақыт санайтын халық біреу болса, ол қазақ болатын: "Адамның бір қызығы бала деген..." (Абай). Егерде болашақта қазақ Еуропаша ойлайтын халыққа айналса, онда сөзсіз кеми беретін болады. Онда халықтың байығанынан түк пайда жоқ, бәрібір қаншалықты бай болса, баланы соншалықты аз табатын болады.

Айтпақшы, қазір жүріп жатқан "демографиялық дүмпу" - бұл дүмпудің өзі емес, соның қайталануы, яғни "жаңғырығы" деп аталады. Бұл кезең, 2020-шы жылға қарай аяқталады. Содан кейін қазақ халқы қазіргідей тез өспейтін болады. Себебі, 1992 жылдардан кейін туған балалар өсім бере бастағанда, олардың саны халықтың өсімін қазіргідей қарқынмен еселей алмайды. Себебі 1993-1999 жылдар халқымызда сәбилер дүниеге көп келген жылдар еді. Қазір халқымыз демографиялық дүмпулер тұсындағы, яғни 1980-ші (1982-1992 аралығы) жылдары дүниеге келген ұрпақтың есейіп, ер жетіп отбасын құрып, сәбилі болуының есебінен өсіп келе жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3227
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5286