Бишімбаев әйелімен жанжал кім үшін басталғанын айтты
Бүгінгі сот процессі барысында Қуандық Бишімбаев сотта сөз сөйлеп, Салтанат Нүкеновамен отбасылық өмірі жайлы айтып берді, деп хабарлайды Abai.kz.
Түскі үзіліске дейін экс-министр Салтанатпен қалай танысқанын, олардың қарым-қатынасы қалай басталғанын және ерлі-зайыпты адамдар арасындағы алғашқы жанжалға не себеп болғанын баян етті.
– Мен ұсталған сәттен бастап Салтанаттың туыстары да, ағасы да фактілерді бұрмалап, белсенді түрде PR науқан жүргізді. Оның көзі ағып кетті, бас сүйегі тесілді, денесінің сау-тамтығы жоқ дегендей... Прокурор айыптау актісін оқыған кезде солардың ешбірін атап көрсеткен жоқ. Мені 5 ай бойы айуан ретінде көрсеткісі келеді, оның көзі ағып, бас сүйегі тесілген дейді – мұның бәрі шындыққа жанаспайды. Сіздер бұған әлі көз жеткізесіздер, - деді Бишімбаев.
Сондай-ақ, экс-министр араларындағы жанжалдың туындауына үшінші тараптың да тікелей қатысы барын айтты.
– Үйлену тойы 14 желтоқсанда өтті. Содан кейін мен не болып жатқанын білмеймін. Мен оның мінез-құлқында бір нәрсе өзгергенін түсіндім. Ол өте қобалжулы, мазасыз, ашуланшақ, агрессивті болды, дөрекі сөйлейтін де. Оның кабинетіңде бірнеше жыл бойы қарым-қатынаста болған адамның суреті бар. Ол Қазақстандағы танымал кәсіпкер", - дейді Бишімбаев.
Бишімбаевтың айтуынша, бүкіл жанжалға, отбасылық келіспеушілікке осы жайт себеп болған.
Жәбірленуші тарап сотталушыдан осы адамның атын айтпауын сұрады. Бишімбаев түстен кейін тағы сөйлейді.
Abai.kz.