Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
1961 0 пікір 1 Сәуір, 2024 сағат 18:06

Қазақстан-Ресей шекарасында көлік қозғалысы шектелуі мүмкін

Сурет: kzkazan.ru

Еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты ҰҚК Шекара қызметі Қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Abai.kz.

Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Абай және Қостанай облыстарында қалыптасқан күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарындағы көлік құралдарының қозғалысы шектелуі мүмкін, – делінген ҰҚК Шекара қызметі таратқан ақпаратта.

Өз кезегінде ҰҚК Шекара қызметі шекараның осы учаскелеріндегі өткізу пункттерінің алдында кептелістердің пайда болуы туралы хабарлайды және қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс маршруттарын түзетуді ұсынады.

Abai.kz.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2516
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 688
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 659