Сейсенбі, 13 Мамыр 2025
1134 1 пікір 2 Сәуір, 2024 сағат 17:00

15 сәуірде мектеп оқушыларының білімін бағалау басталады

Сурет: QR Oqu-ağartu ministrlıgı

Оқу-ағарту министрлігі 15 сәуірден бастап қазақстандық мектептерде оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталатындығын хабарлады. Оған 2462 мектеп бойынша 4-ші және 9-сыныптарында оқитын 150 мыңға жуық оқушы қатысады.

Оқушылардың білім сапасын зерделеуге бағытталған бұл жүйе арқылы оқу бағдарламаларының тиімділігін бағалауға, сондай-ақ, оқу процесінің осал тұстарын анықтауға қол жеткізіледі.

"Мониторинг сауаттылықтың үш бағыты бойынша жүргізіледі: оқу сауаттылығы, математика және жаратылыстану. Оқушылар тестілеуді компьютермен тапсырады. Халықаралық зерттеулерге сәйкес, білім беру жетістіктерінің әртүрлі мәндік факторларын анықтау үшін ББЖМ шеңберінде сауалнама жүргізіледі. Сауалнама оқушыларға, педагогтерге, мектеп басшыларына және төртінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған", – деді "А.Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" АҚ төрағасы Мағжан Аманғазы.

ББЖМ 26 сәуірге дейін жалғасады. Биыл тест тапсырмалары PISA, PIRLS, TIMSS халықаралық бағалау үлгілерін ескере отырып жаңартылды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2306
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3977