Сенбі, 23 Қараша 2024
1706 4 пікір 2 Сәуір, 2024 сағат 20:00

Енді жұмысқа орналасар кезде әскери билет сұралмайды

Сурет: baribar.kz

Жұмысқа орналасу немесе оқуға түсу кезінде енді заңды тұлғалар әскери билет талап етпейтін болды.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызмет өткеруге жататын адамдарды және мерзімді әскери міндеттілерді әскери есепке алу қағидаларының 6-тарауына сәйкес заңды тұлғалар әскери есепке алуды жүргізуге міндетті.

"Заңды тұлғалардың әскери есепке алуды жүргізген кездегі негізгі міндеттерінің бірі жұмысқа (оқуға) қабылданған азаматтардың әскери есепке алу мәртебесін анықтау болып саналады. Осыған байланысты кадр бөлімдері әскери есепке алу құжаттарын (әскери билет, тіркеу туралы куәлік), әскери қызмет өткергенін растайтын анықтамаларды және т.б.сұрататын.

"Жұмысқа (оқуға) қабылданған азаматтардың әскери есепке алу мәртебесін анықтау үшін енді жұмыс берушіге Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен әскери есепке алу туралы ақпаратты бір рет басу қажет", – делінген министрлік хабарламасында.

Қарулы Күштердің жүргізіліп жатқан цифрлық трансформациясы бұл талаптарды жоюға мүмкіндік берді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341