Зайсанға көгілдір отын келді!
Астанадан әдейілеп келген құрметті мейман мұнай және газ вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевті ертіп аймақ басшысы алдымен Зайсан қаласының шетінде орналасқан автоматты газ тарату станциясына тоқтап, жаңа нысанның жұмысымен танысты. «Тарбағатай мұнай» ЖШС-нің бас менеджері Жеңіс Жалғасов лауазымды қонақтарға заманауи қондырғылармен жабдықталған станцияның ерекшеліктерін, жұмыс істеу тәртібін түсіндіре келе: «Шығыстың шырағы Зайсанда жанады, Бұл жұмыс әлі де жалғасын табады. Қалған газ көп ұзамай басқа ауылдарға да барады» деп компанияның келешек жоспарын әдемі ұйқаспен жеткізді.
Маманның айтуынша, алдағы уақытта аудан орталығынан бөлек Қарабұлақ, Кеңсай, Қайнар, Жамбыл, Дайыр секілді тоғыз елді мекенге көгілдір отын тартылмақ. Осылардың барлығын қосқанда жылдық тұтыну мөлшері 30 млн текше метрді құрайды екен. Бұл аса көп емес, сондықтан табиғи байлықты мақсатты игеру үшін келешекте тұтынушылардың аумағын кеңейте түсу керек.

– Сарыбұлақ кен орынынан өндіріп жатқан газымыздың сапасы өте жоғары, жануы жақсы. Қазіргі уақытта Зайсан қаласында 470 тұрғын үйге газ құбырлары тартылып, қондырғылар орнатылған. Бүгіннен бастап осы үйлерге көгілдір отын беріледі. Сонымен қатар келесі жылы тағы 1100 үйді газбен қамту жоспарда бар, - деп түсіндірген «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары Ғалым Айдосов үйлердегі газ қабылдайтын қондырғылардың артықшылығын да айтып берді.
Оның сөзіне қарағанда, заманауи қондырғылар адамның өміріне қауіпсіздігімен бағалы. Егер оның бір жері бүлініп, бөлме ішіне газ тарайтын болса ол автоматты түрде өздігінен өшіп, уланудан сақтап қалады.
Осыған дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының инвестициялық бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру аясында жылына 15 млн текше метр газ өткізетін орта және төменгі қысымдағы 18,4 шақырым қалаішілік, сондай-ақ квартал ішіндегі газ тарату құбырлары салынған. Зайсандағы 470 тұрғын үйдің жүйелері толық дайындалып, 10 үй мен М.Әуезов атындағы орта мектептің жылыту қазандығы газды қабылдау үшін техникалық шарттылық берілген. Айта кетейік, бұл жоба қазақстандық және қытайлық инвесторлардың бірлескен кәсіпорыны «Тарбағатай-Мұнай» ЖШС салған жалпы ұзындығы 82,5 шақырым болатын «Сарыбұлақ-Майқапшағай» магистральді құбырдың іске қосылуымен орындалып отыр. Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес елді мекендерге дейінгі құбырларды «Тарбағатай-Мұнай» ЖШС тартса, ауылдардың ішіндегі тарату жүйелерінің құрылысын «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жүзеге асыруда.
– Егемендіктің арқасында еліміздің экономикасы дамып, халықтың әл-ауқаты арта түсуде. Соның бір айғағы сонау кеңес үкіметі кезінде пайдаланылмаған газ қорын бүгін міне жұрттың игілігіне жаратып бастадық. Бұл үлкен жетістік. Осы жетістікке қол жеткізу үшін алты жылдың ішінде 39 млрд теңге қаржы жұмсалды. Нәтижесінде ең бірінші болып Зайсан қаласына бүгін газ берілуде. Келесі жылы көгілдір отын газ құбырының бойында орналасқан тоғыз ауылға жеткізіледі. Сондай-ақ елу пайыздық үлесімізді алсақ (шамамен 250 млн текше метр газ) оны игеруіміз керек. Сондықтан келешекте мүмкіндігімізге қарай іргелес жатқан Күршім, Тарбағатай, Көкпекті, Жарма секілді аудандар мен Өскемен қаласын да газдандырып, бірқатар газ толтыру станцияларын салсақ деген арман-мақсатымыз бар. Ендігі жұмыс осы бағытта жалғасады, - деп орталық алаңда өткен Мемлекеттік рәміздер композициясының ашылу мен газдың қосылуына орай ұйымдастырылған от жағу рәсімінде сөз сөйлеген аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ жиналған көпшілікті қуаныштарымен құттықтады.
Abai.kz