«ЕЛБАСЫ» СӨЗІН ЖАЗА АЛМАЙТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІ КӨРДІҢІЗ БЕ?!
Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтын қарап отырып, мынадай өрескел қатеге кездестім. Сайтқа 2013 жылдың 15 мамырында орналастырылған «Отбасы тыныштығының бұзушылары үшін – қорғау нұсқамасы» деген материалдың басында мынадай сөйлем тұр: «Қазақстан халқына «Стратегия-2050» жоладуында мемлекет Елбасысы жаңа кезеңде әлеуметтік саясатының аналар мен балалар қорғауы, әйелге ана, жұбайы, қызы ретінде сыпайы қатынас құрамды маңызды бөлігі болып табылатынын атап шықты». Елбасы деген сөзді Елбасысы, Жолдауында дегенді жоладуында деп жазған мақала авторы ресми құжаттың атауын да дұрыс жазуға ерінгенге ұқсайды. Дұрысы «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» емес пе? Егер мұндай қате жай бір баяндамада кетіп жатса, бәлкім, онша таңғалмас та едік. Бірақ мемлекеттік қызметкер әкімнің ресми сайтында не мемлекеттік құжат атауын, не Президент сөзінің баламасын жаза алмай, саяси сауатсыздық танытып отырған соң, үнсіз қалуға дәтіміз бармады. Біз атап отырған мақаланың атауында да ағаттық бар: тыныштығының бұзушылары емес, тыныштығын бұзғандар болмай ма.
Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтын қарап отырып, мынадай өрескел қатеге кездестім. Сайтқа 2013 жылдың 15 мамырында орналастырылған «Отбасы тыныштығының бұзушылары үшін – қорғау нұсқамасы» деген материалдың басында мынадай сөйлем тұр: «Қазақстан халқына «Стратегия-2050» жоладуында мемлекет Елбасысы жаңа кезеңде әлеуметтік саясатының аналар мен балалар қорғауы, әйелге ана, жұбайы, қызы ретінде сыпайы қатынас құрамды маңызды бөлігі болып табылатынын атап шықты». Елбасы деген сөзді Елбасысы, Жолдауында дегенді жоладуында деп жазған мақала авторы ресми құжаттың атауын да дұрыс жазуға ерінгенге ұқсайды. Дұрысы «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» емес пе? Егер мұндай қате жай бір баяндамада кетіп жатса, бәлкім, онша таңғалмас та едік. Бірақ мемлекеттік қызметкер әкімнің ресми сайтында не мемлекеттік құжат атауын, не Президент сөзінің баламасын жаза алмай, саяси сауатсыздық танытып отырған соң, үнсіз қалуға дәтіміз бармады. Біз атап отырған мақаланың атауында да ағаттық бар: тыныштығының бұзушылары емес, тыныштығын бұзғандар болмай ма. Оның үстіне, … балалар қорғауы, әйелге ана, жұбайы, қызы ретінде сыпайы қатынас құрамды маңызды бөлігі деп шұбатылған сөйлемнен кім не ұққандай? Қайсыбірін тере берейік, жалпы, сайт мақаласындағы «әйелдерге жанашыр» мақаланың қатесінен «аяқ алып жүргісіз»: қорғау-нұсқама (дұрысы: қорғау нұсқамасы), күйеунен (күйеуінен), қала (қалалық) ішкі істер басқармасының, жие (жиі), қорқаннан (қорыққаннан). Жарайды, бәрін айтып тауыса алмаспыз, әйтсе де сан қатенің ең қызығы мынау болды: «Егер, Сізге немесе жақындарыңызға тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалса, ҮНДЕМЕҢІЗ!!!». Шынымды айтсам, әу баста үндеместен барып құқыққорғаушыларға сыбырлап айта қою керек, сонда өздері бір шара қолданады екен деп ойлап қалдым. Алайда орысшасы «Если Вы или Ваши близкие, знакомые подверглись бытовому насилию, НЕ МОЛЧИТЕ!!!» екен. Материал авторы - Екібастұз ҚІІБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы А.Г.Алтаеваның болымсыздық етістігін тәржімалаймын деп шатасып, молчать - үндемеу, ал не молчать керісінше, үндемей қалмау мағынасында екеніне миы жетпесе керек. Және айтпайын десең тіліңді қышытатұғын тағы бір нәрсе: «егер» шылауынан соң үтір қойылмайды, сөйлем ортасында келіп тұрғандықтан «Сіз» жіктеу есімдігі бас әріппен жазылмайды!
Осылайша, отбасындағы зорлық-зомбылықпен күреске бел шеше кірісу жолында А.Алтаева мемлекеттік тілімізге обал жасапты. Ең сорақысы, оны сайт иелері – қала әкімдігі қызметкерлерінің біреуі оқып, «мұның қалай?» демегені.
Қала әкімі сайтына «для галочки» нені қойса, оны қойсын, бірақ алдағы уақытта тілімізді бұлайша қорлап, Елбасымызды «Елбасысы» деп қате жазғандардың «кір-қоқысын» көпшілік назарына ұсынып, намысымызға тимесе екен.
Ерасыл МҰСАЕВ,
Екібастұз қаласы
"Халық сөзі" газеті