Алматы: 30 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді
Алматы қаласындағы Гоголь Байтұрсынов көшелерінің қиылысында еріктілердің фронт-офисі орналасқан.
Аталмыш мекемеге Алматылықтар су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысының тұрғындарына 30 тоннадан астап гуманитарлық көмек жинады. Оның ішінде 12 тонна азық-түлік, 10 тоннаға жуық киім, 7,2 тонна гигиеналық заттар, 2 тоннадан астам тұрмыстақ заттар, 200 килограммнан астам дәрі-дәрмек және т.б. заттар бар.
29 наурыздан бастап жұмыс істеп келе жатқан фронтқа жәрдем қолын созуға 150-200 ден астам жастар тартылған.
«Су тасқынынан зардап шеккен аймақтар қазіргі ахуалды және қандай заттар қажет екенін хабарлап, бізге барлық ақпаратты жолдап отырады. Алдыңғы аптада біз Орал қаласына 10 тонна гуманитарлық көмекті табыстап қайттық. Ал қазір Атырау облысына гуманитарлық көмек жинап, жіберіп жатырмыз. Атырау облысына жиналған заттардың бір бөлігін Air Astana және Fly Arystan компаниялары, екінші бөлігін қаламыздың кәсіпкерлері жүк көлігімен тегін жеткізіп беруге ниет білдірді. Гуманитарлық көмекті жинауға атсалысқан барша алматылықтарға ерекше алғыс білдіремін», – деді Алматы қаласы волонтерлер фронт-офисының жетекшісі Бағдат Анарбаева.
Abai.kz