Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
1827 3 пікір 10 Сәуір, 2024 сағат 19:00

Су тасқыны: Елімізде 8 мыңға жуық мал қырылды

Сурет: golos-naroda.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, су тасқыны салдарынан 8000-нан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қаза тапқан.

Ведомствода айтылғандай, су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб құлаған мал иелеріне өтемақы төлеу бойынша алгоритм әзірледі.

"Иелерін анықтау, залалды анықтау және басқа да мәселелерді шешу үшін жергілікті атқарушы органдар өңірлерде комиссиялар құрды. Су тасқыны салдарынан қаза тапқан жануарлардың иелері жергілікті комиссияға өтініш білдіруі керек. Ауыл шаруашылығы жануарларын иелену фактісін комиссиялардың актілері растайтын болады", - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1093
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730