Абай атындағы МАОБТ-да «Көроғлы» операсының тұсаукесері өтті
Алматы. 14 қыркүйек. ҚазТАГ– Өткен сенбіде Алматыдағы Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында (МАОБТ) азербайжандық композитор Узеир Гаджибековтың «Көроғлы» операсының алғашқы көрсетілімі өтті.
«Көроғлы» - Түркия премьер-министрлігінің жанындағы мәдениетті қолдау қоры мен Түркияның мәденитет және туризм министрлігінің, Қырғызстанның мәдениет және ақпарат министрлігінің және түркі мәдениеті мен өнерін бірлесе дамыту халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бірлескен жобасы.
Аталған спектакльдің ерекшелігі - оған Көроғлының бейнесін сомдаған әзербайжандық опералық вокал шебері Гасан Энами Олидің қатысқандығында. Көроғылының ғашығы Нигәрді Башқұртстан әншісі Альбина Ғабидуллина орындады. Операға Түркияның екі әртісі - Серхан Коджадере (қатыгез Гасан-хан бейнесінде) және Эмрах Сёзен (қу, интригашыл, сарай маңы масқарампаз- талхэк) қатысты.
Опералық вокалдың қазақстандық мектебін Гүлзат Даурбаева мен жас әртіс Дархан Жолдыбаев танытты.
Көрермендер суретші-қоюшы Саваш Джамгюзге жарқын сахналық шешімдері үшін, балетмейстер-қоюшы Мехмет Балканды еркін, әсем хореографиялық шешімдері үшін қол соғып, құрмет көрсету арқылы алғысын білдірді.
Дирижерлік пультті Рауф Абдуллаев басқарды.
Операның алғашқы көрсетілімі бірнеше күн бұрын Бішкекте де өткен.