Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3750 0 пікір 5 Желтоқсан, 2013 сағат 05:31

Масқара! Тәуелсіздік - қаржы полициясы ғимаратының шарбағына ілініп тұр

Астанадағы Қаржы полициясы ғимаратының шарбағына ілінген мына баннерге қарап, ауызға басқа сөз түспейді: ел картасы теріс қарап тұр. Бұл бұл ма, баннер Мемлекет Тәуелсіздігі күніне арнайы ілінген. Ал, тұрған жері темір шарбақ.  Бұдан өткен қорлық, мазақ болмас! Қаржы полициясы Қазақстан Тәуелсіздігіне қорланатын сияқты. Суретке қарап, солай демеске лаж жоқ.

Қазақстан картасын теріс қаратып салған дизайнер айнаға қарап отырып жұмыс істеген бе? Қабылдап алған адам да айнаға қарап қабылдаған ба? Әлде қасақана осылай істей ме? Мұны бір білсе, мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия білуі мүмкін. Бәлкім, мемлекеттік хатшы араласып білер...

Қор болған Мемлекет!

Қор болған Тәуелсіздік!

Abai.kz

Редакциядан:

Қазақстан картасын теріс қаратып іліп қойған Астанадағы Қаржы полициясына  құзыры жоғары мемлекеттік мекеменің бірінен қоңырау соғылып, «теріс баққан» баннер алынып тасталатын болыпты. Редакциямызға қоңырау соғып, аты-жөнін жария етпеуді өтінген лауазым иесі осы жайттың Abai.kz ақпараттық порталында жария көруін сұрады.     
 
0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1138
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2666
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 784
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 753