Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2232 0 пікір 14 Қыркүйек, 2009 сағат 10:56

Қазақстандық дипломат Теһран мен Алматы арасында әуе қатынасын ашуды басымдық деп есептейді

Теһран. 14 қыркүйек. ҚазТАГ – Иран Ислам Республикасындағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі Нұрбах Рүстемов екі елдің арасында әуе қатынастың тез арада ашылуы қажет деп есептейді. Бұл туралы ол ИИР президенті Махмуд Ахмениджадқа сенім грамотасын табыс ету кезінде мәлім етті. Грамота тапсыру рәсімі жексенбі күні 13-ші қыркүйекте өтті, деп хабарлайды ҚР елшілігі.

«Нұрбах Рүстемов Алматы мен Теһран арасында тұрақты әуе қатынасын ашу басым мәселелердің бірі ретінде атап көрсетті», - делінген хабарда.

Хабарда айтылғандай, сұхбат барысында елші Иран президентін жоғарғы лауазымға қайта сайлануымен және оның жаңа кабинетінің жұмысын табысты бастағанымен құттықтады. Сонымен қатар, ол ҚР президентінің құттықтауы мен тілегін жеткізе отырып, Н. Назарбаев пен ИИР басшыларының күш жігерінің арқасында екі ел арасында ерекше достық қарым-қатынас орнағанын атап өтті.

«Н. Рүстемов, өзінің дипломатиялық миссиясы экономикалық және ғылыми-техникалық байланыстардың одан ары нығаюына бағытталатынын атап көрсетті. Елші мұнай-газ, ауыл шаруашылық және транзиттік – көлік саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру қазіргі сауда балансына оң ықпал ететініне үміті барлығын білдірді, - делінген хабарда.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы $2 млрд-тан асса, оның 90% қазақстандық экспортқа келеді.

«Елші Каспийдің құқықтық мәртебесіне қатысты ҚР президентінің Ақтаудағы соңғы бейресми саммитте аталған проблема Иранның қатысуынсыз талқылануға жатпайды деп айтқан сөзін келтірді», - деп хабарлайды елшіліктен.

М.Ахмадинежад ҚР елшісіне құттықтаулары мен жылы лебіздері үшін алғысын білдіре отырып, өзінің Астанаға жасаған соңғы сапары мен президент Н. Назарбаевпен кездескенін ерекше ықласпен еске алды. «Ахмадинежад Иранның Қазақстанмен шешілмеген бір де бір таласты және реттелмеген  мәселесі жоқ екенін атап өтті. Сонымен бірге, ол Иранның Солтүстігімен жалғайтын  Батыс Қазақстанды Өзен-Гызылгыя-Берекет-Этрек-Горган термір жол желісі маршрутының маңызды учаскелерінің бірі Өзен-Гызылгыя тармағының құрылысын тездетуге шақырды. ИИР президенті аймақтың екі ірі экономикалары өз әлеуеттерін әлі толығымен пайдаланбай келеді деп есептейді. Ол химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылық және машина жасау салаларындағы белсенді ынтымақтастық екі жақты қарым – қатынасқа серпін беретінін атап өтті», - делінген елшілік таратқан хабарда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435