Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2254 0 пікір 14 Қыркүйек, 2009 сағат 11:33

Мәселе мемлекет басшысының өмір бақи ел басқаруынан да ауқымды

«Нұр Отан» партиясы Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген жеке еңбегін ескеретін және өмір бойына президент болу мүмкіндігін қарастыратын «Ұлт көшбасшысы туралы» конституциялық заң қабылдауды ұсынады. Бұл туралы журналистерге партия төрағасының орынбасары Дархан Қалетаев Н. Назарбаевтың өмірлік президенттігі туралы мәселені түсіндіре келіп мәлім етті деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Біз сарапшыларды кең ауқымды тарта отырып, мемлекет басшысының мәртебесіне қатысты барлық тұстары айқындалған «Ұлт көшбасшысы туралы» Конституциялық Заң қабылдауды ұсынамыз. Оның ішінде өмірлік президенттігі туралы да норманы қарастыруға болады», - деді ол дүйсенбі күнгі брифинг барысында.

Партияның бірінші орынбасары Н. Назарбаев бүгінде «Конституция бойынша өзінің қызметін атқарып отырған президент қана емес», сонымен қатар, «ел мойындаған көшбасшысы» екенін атап өтті. Дархан Қалетаевтың пікірінше, президенттік өкілеттік уақытының шектеусіздігінде емес, «президенттің конституциялық мәртебесін оның қоғамдық мәртебесімен қалайша ұштастыруға болатынына» назар аударуды күшейту керек көрінеді.

«Біздің көзқарасымыз бойынша, қазіргі мемлекет басшысының өмір бойы ел басқаруын мәселе етіп қана қоймау керек, себебі ол шектеулі, мәселені одан да ауқымды етіп қою керек», - деп түсіндірді ол партия ұсынысын.

Қазіргі мемлекет басшысының өмір бойына президенттігі мәселесі тек отандық БАҚ-тарда ғана емес, сонымен қатар шетелдік БАҚ-тарда да көп айтылып жүр.

Осыған байланысты, Д. Қалетаев: «Аталған мәселе жоғарыдағы билік дәліздерінде де, және «Нұр Отан» партиясында да қарастырылған емес. Тіпті талқыланған да емес», - деп мәлімдеді.

Ол, Қазақстанда қазақстандық мемлекеттің негізін қалаушы және бірінші президенті ретінде Н. Назарбаевтың сіңірген еңбегін ескере отырып, 2000 жылы 20-ші шілдеде «Қазақстан Республикасының бірінші президенті туралы» Конституциялық Заң қабылданғанын еске салды

Фото: http://www.ogoniok.com

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437