Сенбі, 19 Сәуір 2025
Жаңалықтар 1019 0 пікір 22 Сәуір, 2024 сағат 17:39

Satbayev University-де онлайн оқу

Сурет Satbayev University сайтынан алынды

Satbayev University Adway.edu.kz-пен бірге университетте онлайн оқыту платформасын ашты. Платформа екі озық мамандық бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларын ұсынады: Computer Science және Ақпараттық қауіпсіздік.

Деректерді талдау және ақпаратты қорғау саласындағы негізгі дағдыларды меңгергісі келетін студенттер енді Adway.edu.kz платформасы арқылы Satbayev University-ден ыңғайлы онлайн форматта жоғары білім ала алады. Бұл бағдарламалар түлектердің заманауи еңбек нарығының қиындықтарына дайын болуын қамтамасыз ету үшін технологияның соңғы тенденциялары мен кәсіби дайындық талаптарын ескере отырып әзірленген.

Платформа Adway.edu.kz сайты арқылы өтінімдерді қабылдайды, содан кейін студенттер мансаптық жетістікке жету жолын бастай алады. Қосымша ақпарат алу және тіркелу үшін @adway.edu.kz парақшасына кіріңіз немесе +7 (778) 411-95-35 нөміріне хабарласыңыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2042
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4901
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4101